Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тарифке кернеудің бағасын қосады

inbusiness.kz. ресми сайтында орналастырылған ақпарат бойынша

Бірыңғай сатып алушының шілде айында іске қосылуы әзірге тек жалпылама түрде, бірақ мемлекеттік делдалдың пайда болуы түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының көтерілу қаупін тудырады.

Шілдеде Қазақстанның энергетикалық жүйесінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны іске қосу көзделген. Өткен аптада Kazenergy алаңында онлайн-конференция форматында сала қатысушыларына мемлекеттік делдалдың қатысуымен станциялар мен тұтынушылар арасындағы қаржылық өзара іс-қимылдың жаңа моделінің біршама тұстары ашып көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, электр энергиясын көтерме сауда нарықта орталықтандырылған сатып алу-сату жөніндегі бұл қаржылық механизмі жақында қабылданған салалық заңнамаға сәйкес нақты режимде теңгерімдеуші нарықпен қатар іске қосылады. Бірыңғай сатып алушы болып Энергетика министрлігіне қарасты қаржы-есеп айырысу орталығы (ҚЕАО) тағайындалды, ол сонымен қатар қуат нарығында және тұтынушылардың жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) субсидиялауында үлкен көлемде жұмыс атқарады.

«Сатып алудың қолданыстағы механизмі – толығымен электр энергиясының нақты көлемін сатып алуға, электр станцияларының тұтынушы-көтерме сауда нарығының субъектілеріне сатуына негізделеді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу арқылы бірыңғай сатып алушының электр энергиясының жоспарланған көлемін сатып алу туралы сөз қозғалып отыр. Қолданыстағы және жаңа нарықтардың айырмашылығы – егер қазір ҚЕАО электр энергиясының нақты көлемдерін тек ЖЭК объектілерінен сатып алып және оны  дәстүрлі түрде энергия өндірші ұйымдарға (ЭӨҰ – электр станциялары – Еск.), сондай-ақ «шартты» тұтынушыларға сатса, тиісінше, әрі қарай ЭӨҰ-станциялар өзінің электр энергиясын тұтынушыларға сатады. Енді, бірыңғай сатып алушы енгізілгеннен кейін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу және сату нарықтың барлық субъектілерімен – бұл барлық станциялар, дәстүрлі және ЖЭК – Қазақстанның энергетикалық жүйесінде олардың 200-ден астамы бар және тиісінше, барлық тұтынушыларға, көтерме сауда нарығының субъектілеріне сатуды білдіреді, ал қазіргі уақытта олардың саны шамамен 350-ды құрайды», - онлайн-конференция барысында ҚЕАО басшысы Гүлжан Нәлібаева өз презентациясында екі нарықтың айырмашылығын түсіндірді.

Оның айтуынша, жаңа модель аясында электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық қатысушылары – станциялар және олардың электр энергиясын тұтынушылар – өндіру мен тұтынудан бір күн бұрын өздерінің сатып алу және сату үшін сұраныс пен ұсыныстың көлемін қалыптастыра отырып,  KEGOC энергия жүйесі операторының жоспарлау жүйесінде өз өтінімдерін беруі керек. Көтерме тұтынушылар – энергия өткізу ұйымдары (ЭӨҰ), өңірлік электр желілік ұйымдар (ӨЭҰ) және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар операциялық күн қарсаңында тұтыну сағаттары бойынша тұрақты немесе біркелкі болмауы мүмкін «ертеңгі» күнге өздерінің тәуліктік кестелерін жасауы тиіс.  Бір тәулікке жиналған өтінімдердің сомасы бірлескен тәуліктік кестеге есептелетін болады, ол келесі күні Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі электр станциясының сұранысын жабуы тиіс.

Басымдық бойынша кезек

Бірінші кезекте электр энергиясы үкіметтен немесе аукциондардан белгіленген мөлшерлеме бойынша тарифтер алған ЖЭК-тен сауда-саттықтан тыс тікелей сатып алынатын болады. Келесі басымдық ЖЭО-ға тиесілі, олардың электр энергиясы Энергетика министрлігі бекіткен, сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген, ықтимал коэффициентке байланысты шекті тарифтер бойынша сауда-саттықсыз сатып алынатын болады.

«Қазіргі уақытта барлық нормативтік актілерді дайындау жүргізілуде, оның ішінде бірлік мөлшерінде сағаттық мөлшерлемелерді қабылдау туралы шешім қабылданады ма, әлде қандай да бір қисық сағат мөлшерлемелері болады ма, алдағы уақытта белгілі болады, бірақ екінші басымдық -құрамына ЖЭО кіретін барлық ЭӨҰ-дан сатып алу. Келесі басымдық - электр қуаты нарығында электр станцияларын салу, жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту бойынша ұзақ мерзімді шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар. Бұл қуат нарығындағы үш қосалқы нарық, бұл инвестициялық келісімдер - бірінші құрамдас бөлік, екінші құрамдас бөлік - базалық қуаттарды құрылысына арналған тендерлер. Үшінші құрамдас бөлік – маневрлік электр станцияларын құрылысына арналған аукциондар. Қазіргі уақытта қуат нарығында бірыңғай сатып алушымен осындай ұзақ мерзімді шарттары бар ЭӨҰ – электр энергиясының көлемі олардың белгіленген тарифтері бойынша басымдық аясында сауда-саттықтан тыс сатып алынатын болады», - деп нақтылады ҚЕАО басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында inbusiness.kz қуат нарығында көлемдерді алған электр станциялары туралы жазған болатын.

Қуат нарығына қатысуына байланысты басымдығы бар ЖЭК, ЖЭО және электр станциялары тәулік ішінде сағаттық сұранысты жаба алмайтыны түсінікті. Сондықтан мұндай жағдайларда бірыңғай сатып алушы Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторының (КОРЭМ) алаңында қосымша орталықтандырылған сауда-саттық жүргізетін болады. Оның үстіне электр станциялары ол жерде Энергетика министрлігі бекіткен шекті тарифтен жоғары емес баға белгілеуі керек. Егер бұл әрекетпен алдағы бірлескен тәуліктік кесте өтелмесе, яғни келесі күні елде электр қуаты жеткіліксіз болса, онда көршілес электр жүйелерінен, негізінен Ресей Федерациясынан электр энергиясының жоспарлы импорты сол жердегі тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы нарықтың барлық құрамдас бөліктері – ЖЭК, ЖЭО, қуат нарығына және орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, сондай-ақ ықтимал импорт бойынша есептерді негізге ала отырып, бірыңғай сатып алушыда келесі күні бүкіл ел бойынша электр энергиясы үшін өндірушілерге қандай жиынтық сома төленуі тиіс екенін бір күн бұрын білетін болады.

Тұтынушы жүктемесі

«Осы бағалардың барлығын – ЖЭК, ЖЭО, қуат нарығы, орталықтандырылған сауда-саттық және ресейлік бағаларды орташалай отырып, тұтынушылар үшін әр сағат бөлінісінде бірыңғай баға шығады, яғни ертеңгі тәуліктік кестеде 24 сағаттық мән. Тиісінше, бағалардың 24 сағаттық мәні болады... Соңында бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілеріне сататын төрт баға санаты болатындығы болжанады», - деп атап өтті Нәлібаева.

Бірыңғай сатып алушының моделінде ЖЭК-ті қолдауға арналған тариф түріндегі бірінші санат, ол электр станциялары, жеке станциялары бар өнеркәсіптік топтар және өзінің дәстүрлі генерациясынан басқа, «жасыл» генерация болуы мүмкін білікті тұтынушылар тұлғасында шартты тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай төленеді және қазір әрекет етіп жатқан форматта жұмысын жалғастырады. Екінші санат – майнерлер КОРЭМ көтерме сауда-саттығында профицит сағаттарында бөлінген электр энергиясын сатып алуға мәжбүр болады.

«Тұтынушылардың келесі санаты – атаулы қолдауы бар тұтынушылар. Бірыңғай сатып алушы бойынша қабылданған заң аясында бірыңғай сатып алушының тұтынушыларға атаулы қолдау көрсету функциясы бар. Бұл Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК), сондай-ақ Президент әкімшілігі тарапынан берілген ескерту бойынша бірыңғай сатып алушының енгізілуімен қазіргі уақытта орташа сатып алынатын электр энергиясы арзан болып табылатын өңірлерде бағаның күрт көтерілмеуі үшін, мұндай аймақтар үшін әлеуметтік шиеліністі болдырмау мақсатында  мұндай энергиямен жабдықтаушы ұйымдар – кепілдік жеткізушілерге (ЭЖҰКЖ) атаулы қолдау көрсетілетін болады. Біз қазір Табиғи монополияларды реттеу комитетімен егжей-тегжейлі жұмыс істеп жатырмыз, бірақ тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда, егер бірыңғай сатып алушының енгізілуімен, мысалы, орташа сатып алу бағасы осы ЭЖҰКЖ қарағанда жоғары болса, онда кепілді жеткізушіде осындай саралау тұтынушыларының тізімі жасалады немесе атаулы қолдау көрсетіледі және осы тізімде мұндай кепілдік беретін жеткізушілер үшін баға, яғни белгілі бір белгіленген баға болады», - деп нақтылады Нәлібаева.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі бір өңірлік нарықтағы энергия өткізу ұйымдарының ішінен «кепілді жеткізушілер» деп кез келген тұтынушымен шарт жасасуға міндетті, халыққа арналған электр энергиясының әлеуметтік маңызы бар бөлшек сауда нарығында ең үлкен үлесі бар энергиямен жабдықтаушы компаниялар түсініледі. Олардың қызметі мен тарификациясын Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) реттейді.

Мысалы, Астанада «Астанаэнергосбыт» кепілді жеткізуші болып табылады. Бұдан басқа, елордалық нарықта тағы бірнеше энергия өткізу ұйымдары жұмыс істейді, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін бағаның күрт саралануы болмағандықтан олардың тарифтері ерекшеленуі мүмкін. Кепілді жеткізуші әдетте халыққа сараланған, төмендетілген тарифтерді ұсынады, оларды шарттар жасалған заңды тұлғалармен тоғыспалы субсидияланады. Мұнда бірыңғай сатып алушының іске қосылуымен кепілдік жеткізушілер мен атаулы қолдау алатын олардың тұтынушылары басқа тұтынушылармен, мысалы, кепілдік жеткізуші болып табылмайтын энергия өткізу ұйымдарымен тоғыспалы субсидияланады деп болжауға болады.

Тұтынушылардың төртінші санатына электр энергиясын барлық сатып алушылар үшін міндетті болатын, олар өнеркәсіптік кәсіпорындар, заңды тұлғалар, табиғи монополиялар немесе әлеуметтік маңызы бар нарық субъектілері болсын, алдағы тәулік сағаттары бойынша бірыңғай сатып алушының нақты, есептік бағасы беріледі, - деді Нәлібаева.

«Сонымен қатар, бұл болжамды баға – сағаттық баға. Кешкі және күндізгі сағаттарда, Ресей Федерациясынан электр энергиясының мәжбүрлі импорты болған кезде, біз Ресейде кешкі сағаттарда бағалардың, тарифтердің арзан емес екенін білеміз, күндізгі уақытта бұл электр энергиясының, есептік бағасы  сәйкесінше жоғары болады. Бұл көтерме сауда нарығының субъектілері осындай кешкі уақытта электр энергияны үнемдеп, максималды түрде түнгі кестеге ауысу керектігінің белгісі болады, осылайша нарық субъектілері тәуліктік кестені бір деңгейге келтіруді ынталандырады. Немесе бұл мәжбүрлі іс-шара болады, егер тұтынушы түнгі режимге ауыса алмаған жағдайда, ол кешкі сағаттарда электр энергияның бағасы түнгі уақыттағы бағадан жоғары болатынын түсінеді», - деп атап өтті ҚЕАО басшысы.

Бірыңғай сатып алушы туралы қабылданған заңнамада энергия өткізу ұйымдардың қатарынан құралған электр энергиясын кепілді жеткізушілерін қоспағанда, нарықтың барлық қатысушылары бір тәулік немесе бірнеше күн бұрын тәуліктік кестесінің көлемі үшін алдын ала төлем жүргізуге міндетті деген норма жазылған. Төлем болмаған жағдайда, олардың өтінімдері қабылданбайды және KEGOC-тың жоспарлау жүйесіне жіберілмейді. Осылайша, бұл нарық қатысушылары бір тәулікке немесе бірнеше күнге өз сұранысының толығымен орнын толтыру үшін алдын ала төлемнің мөлшерін есептеуі керек. Егер олардың лимиттері өтінім көлемі бойынша асып кетсе, онда олар электр энергиясын ала алмайды және оларға арасында тәуліктік кестелерін төмендетуге тура келеді. Кепілді жеткізушілер электр энергиясын өндіру мен тұтынудың нақты теңгерімі жасалғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде айдың аяқталу фактісі бойынша бірыңғай сатып алушы ұсынған шоттар бойынша электр энергиясының көлемі үшін төлем жүргізетін болады. Осылайша, электр станциялар осы тұтынушылардың тобынан ақшаны кейінірек алады.

Электр энергиясы нарығының жаңа моделін реттеуді қамтитын нормативтік-құқықтық актілердің бір бөлігі қазір әзірленуде, кейбіреулері электрондық үкіметтің сайтында жарияланған. Сонымен қатар, электр энергиясының қазіргі нарығы негізінен көтерме нарықта емес, энергия өткізу ұйымдары мен станциялар арасындағы екі жақты шарттар негізінде жұмыс істейтіндіктен, шарттың көбі өткен жылдың соңында 2023 жылдың аяғына дейін жасалған – олар тоқтатылуы тиіс. Нәтижесінде электр энергиясын тұтынушылар мен өндірушілер бірыңғай сатып алушымен оның жоспарлы көлемін сатып алу немесе сату бойынша шарттар жасасуы тиіс. Алайда, үлгілік шарт әлі жарияланбаған, оны жақын арада жасау жоспарлануда.

Сондай-ақ, негізгі қуатты пайдалану мәселесі шешілуде, мысалы, Екібастұз ГРЭС-і, ЖЭК-тан, ЖЭО-дан, қуат нарығы мен орталықтандырылған көтерме сауда нарығынан сатып алу кезектілігін ескере отырып, ол электр энергиясын жеткізу кезінде бір тәулік ішінде 500 МВт-тан астам диапазонда жұмыс істеуі тиіс. Айтпақшы, пікірталас барысында тұтынушылардың бірінде бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан станциялар біркелкі емес кесте бойынша жүктемені көтеруге дайын ба деген сұрақ туындады. 

Бірыңғай бағасыз

«Атаулы қолдау көрсетілетін кепілді жеткізушілер, ЖЭК кепілді сатып алу бөлігінде майнинг пен шартты тұтынушылар қатарын қоспағанда, сағаттардағы электр энергиясының бағасы барлық тұтынушылар үшін бірдей болады. Егер барлық нарықты алып қарасақ, әрбір тұтынушыда сағатта бағалардың 24 сағаттық мәндері біркелкі болады. Бірақ, айдың соңында әрбір көтерме тұтынушысының бірыңғай сатып алушы арасындағы сатып алудың бағасы әр түрлі болады. Егер сағаттарда бағалар әр түрлі болса, алайда сағаттарда тұтыну көлемдері әр түрлі болатын екі көтерме сауда нарығы субъектісі болған жағдайда, айдың аяғындағы бірыңғай баға әр түрлі болатындығына байланысты. Бірақ бұл жерде тұтынушыларға шоттарды, көлемдерді салыстыру актілерін және электрондық шот-фактураларды ұсынған кезде біз салыстыру актілері мен шот-фактураларда бағалардың 740 сағаттық мәндерін көрсететінімізді атап кеткен жөн», - деп атап өтті өз сөзінде Нәлібаева.

«Сұрақ-жауап» сессиясы барысында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілінде басымдық аясында ЖЭК, ЖЭО және қуат нарығында қатысатын станциялардан кейін орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуге қатысты сұрақ туындады, өйткені онда сауда механизмі бір сатып алушы болған кезде шекті тарифтермен шектелетін болады. Оның қалай жұмыс істейтіні әлі толықтай анық емес, деп нақтылады Нәлібаева. Теориялық тұрғыдан алғанда, осы сегменттегі бәсекелестік тәуліктік кестенің профицитті сағаттарында пайда болуы мүмкін.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Солтүстік-Оңтүстік» жоғары вольтты желілер шекті деңгейге дейін жүктелген жағдайда, оңтүстік энергия аймағында жоғары сұраныс қалай қанағаттандырылатынын сұрады. KEGOC өкілі Дәурен Шәкенов мұндай тапшылық қолдағы рұқсат етілген ауысым кезінде тәуліктік кестеде ескерілетінін, яғни оңтүстік аймақтағы станциялардың генерациясының мүмкіндігіне қарай жекелеген тұтынушылар жоспарлы жеткізілімде шектелетінін, сонымен бірге газ өндірісінің қымбаттығына байланысты әрдайым жүктелген күйде болмайтын Жамбыл ГРЭС блоктары қосымша іске қосылуы мүмкін екенін атап өтті.

ОАЭК басшысы Ерұлан Мұстафиннің кепілді жеткізушілерге арналған тарификацияға қатысты мәселеге Гүлжан Нәлібаева пікір білдіре отырып, атаулы көмек немесе тарифтердің саралануы ұсынылатын осындай нарық субъектілерінің белгілі бір тізбесі жасалатынын түсіндірді.

«Қазір мұның барлығы Табиғи монополияларды реттеу комитетінде пысықталуда. Оның мәні келісіде, егер бірыңғай сатып алушының енгізілуімен ТМРК бағалауы бойынша қандай да бір өңірде баға көтерілетін болса, онда ТМРК осы кепілді жеткізуші үшін бағаны ұстап тұру құқығын өзіне қалдырады және бұл әрекет ұзаққа созылмайтыны белгілі. Қалай болғанда да, бірыңғай сатып алушы барлығының бағасы бірдей болатындай етіп жұмыс істеуі керек. Бағаны біртіндеп, кезең-кезеңмен теңестіруге келуіміз керек. Алайда, бастапқыда бірыңғай сатып алушының енгізілуімен мұндай әлеуметтік мәселелер болмауы үшін осындай тізім болады және тиісінше кепілді жеткізушілер қатары үшін белгіленген баға деңгейінде электр энергиясын сатып алу бағасы... Қазіргі уақытта орта сатып алынған электр энергиясы, мысалы, батыста – газдық электр станцияларының болуын ескере отырып, осы өңірдегі электр энергиясы қымбат болады. Бірыңғай сатып алушының енгізілуімен баға керісінше, төмендеуі мүмкін, асыра айтқанда, орта сатып алу бағасы 15 теңге, мысалы, бірыңғай сатып алушыда 10 теңге болады. Не себептен олар 10 теңгені бекітеді (батыс өңірлердегі кепілді жеткізушілер үшін. – Еск.), бірыңғай сатып алушыны енгізілуімен қымбаттау болып жатқан өңірлер үшін бекіту керек», - деді ол.

ӨЭК бағдарын бұзу

Ерұлан Мұстафин бұдан әрі ТМРК-да ӨЭК тарифтерін бекіту мәселесін көтерді, олар қазір станциялардың босату тарифтеріне бағдарланған желілерде электр энергияны жоғалту шығындарына ие. Шын мәнінде, тарифтік өтінімді қалыптастыру үшін оларға бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын электр энергиясына тарифтің деңгейін білу қажет болады.

«Қазір бірыңғай сатып алушының сомасын, тарифін бағалау шындыққа жанаспайды, бірақ біз Энергетика министрлігі әр тәулікке қолданылатын тарифтің 24 сағаттық мәнін бір ай бұрын біледі деп болжап отырмыз. Кешкі тарифтер қымбатырақ, түнгі тарифтер арзанырақ, яғни 24 сағаттық мәннің болатыны түсінікті. Әзірге солай болжануда. Егер нарықта «бізге бір бағаны бекітіп беріңіз, ол баға Энергетика министрлігінен, бірыңғай сатып алушыдан болады ма маңызды емес, біз сол бағамен ТМРК-ға барып, сол бағаны қорғаймыз» деген көзқарас болса, онда әдіснаманы да ұсыну керек, сіз бірыңғай бағаны есептеудің әдіснамасын қалай көріп отырсыз, өйткені мен өз баяндамамда 24 сағаттық мәннің, әрбір субъектіде 24 баға болатынын айттым және бұл көрсеткіштерді жылына бір қорытындыға келтіру қиынға соғады. Сонымен қатар, айдың қорытындысы бойынша, мысалы «АстанаЭнергоСбыт» пен «АлматыЭнергоСбыт» компанияларында бірдей баға болмайды, бірақ екеуінде де 740 сағат болған жағдайда олардың көлемдері әр түрлі болғандықтан, екеуінде де баға бірдей болады. Осы себептен айдың қорытындысы бойынша «АстанаЭнергоСбыт» пен «АлматыЭнергоСбыт» компанияларының жеке көлемдеріне байланысты олардың бағалары да әр түрлі болуы мүмкін. Егер нарықта әдіснама бойынша ұсыныстар бар болса, біз Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, тыңдауға дайынбыз, бірақ әзірге 24 сағаттық мәнге есептелетін тариф болатынын көріп отырмыз», - деп жауап берді Нәлібаева.

Мұстафиннің айтуынша, бұған дейін консультанттар бірыңғай сатып алушының Қазақстан бойынша орташа бағасы енгізілгеннен кейін 1 кВт*сағ. үшін шамамен 10 теңге болуы мүмкін деп мәлімдеген. Бұған дейін хабарланғандай, маусым айының басынан бастап Қазақстанда Энергетика министрлігі бекіткен жекелеген электр станцияларының шиналарынан тарифтер орта есеппен 17%-ға көтеріледі, бұл ӨЭК шығыстарына қосымша түрде желілердегі жоғалтымдарды қосатын болады.Сала өкілі болжамды тариф белгіленетін қандай да бір шарттың болуы тиіс деп есептейді, мысалы, 1 кВт*сағ. үшін 13 теңге, ӨЭК ТМРК алдында көтерілген тарифтік сметаны қорғау үшін өздерінің жоғалтымдарға кеткен шығындарын есептеу үшін жүргізіледі. Егер мұндай индикативті тариф бірыңғай сатып алушы енгізілгеннен кейін қалыптасқан тарифтен едәуір жоғары болса, ӨЭК шығындары аз болады, ал үстеме алынған кірістер олардан алынуы мүмкін.

ТМРК-да қорғау үшін тарифтік сметаға енгізуге болатын бәріне ортақ бір жалпы тариф болады деген болжам бар, қазіргі таңда бұл мәселе талқылануда, деді Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары Асылжан Мусин.

Тариф белгілеудің ашық еместігі

Мәскеу энергетикалық талдау агенттігінің өкілі Алексей Преснов өз түсініктемесінде бірыңғай сатып алушының енгізілетін жүйесі әдеттегі маржиналдық бәсекелестік нарықпен салыстырғанда өте күрделі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ бірыңғай баға бүкіл елде қалыптасатынын, алайда энергетикалық жүйенің батыс аймағы бөлек жұмыс істейтінін атап өтті.

«Орталықтандырылған сауда-саттық аймақтар бойынша бөлек өткізіледі. Физикалық тұрғыдан біз бұл электр энергиясын солтүстіктен батысқа жеткізу мүмкін емес екенін түсінеміз. Бірақ бағаны есептеу кезінде батыс, солтүстікті ескере отырып, сатып алынған барлық электр энергиясы, батыс бойынша да, солтүстік бойынша да жүргізілген сауда-саттықтың барлық қорытындыларын есепке ала отырып жүргізіледі, тиісінше орташа баға шығады», - деп түсіндірді Нәлібаева.

Онлайн-кездесу барысында Atameken Business телеарнасы журналисінің сұрағына бірыңғай сатып алушының электр энергиясы тарифіне қалай әсер ететінін, тіпті ҚЕАО-да бағаның қандай болатынын ешкім білмейді деген жауап берілді.

«Бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарықты енгізу тарифтің өсуіне ғана алып келеді. Біз өзіміз теңгерімсіздіктерді реттеген жағдай бір бөлек, ал егер басқа тарап реттейтін болса, ол біздің шығындарымызды есепке алмайтын болады», деді онлайн-конференцияға қатысушы «АлматыЭнергоСбыт» өкілі.

Гүлжан Нәлібаеваның пікірінше, бірыңғай сатып алушы моделіне көшу электр станцияларынан қымбат сатып алынатын электр энергиясы бар өңірлерде тарифтерді төмендетеді, ал арзан электр энергиясы бар өңірлердегі тарифтерді көтереді, яғни еліміз бойынша тарифтердің өсуі мен теңестірілуі жүргізіледі.

«Теңгерімдеуші нарық қалай әсер ететінін білмеймін, өйткені барлық субъектілердің тәуліктік кестені қаншалықты дұрыс қалыптастырғанына, электр станциялар апатсыз дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, егер де қандай да бір істен шығулар болса, онда біз теңгерімдеуші электр энергияны көрші энергия жүйелерінен тартуға мәжбүр боламыз, ал сіз ол жақта теңгерімдеуші электр энергиясы арзан емес екендігін түсінесіз», - деді ол.

Бірыңғай сатып алушының комиссиясы туралы мәселеге түсініктеме бере отырып, Нәлібаева қабылданған заңнама аясында әлеуметтік маңызы бар нарықтарды реттеу саласындағы Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізілгенін, онда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін қамтамасыз ету мен қуат нарығындағы шығындарды ТМРК реттейтінін атап өтті. Қазір Комитетпен бірыңғай сатып алушының қызметін реттеу бойынша өзгерістер пысықталуда, оған тариф бекітіліп және өз шығындары бойынша есептілікті ұсынатын болады.

«Бірыңғай сатып алушының қызметтеріне қандай баға болатыны, сауда-саттық қорытындылары бойынша қанда әдіснама болатыны, әр сағатқа қандай баға болатыны белгісіз. 1 шілдеге дейін екі айдан аз уақыт қалды. Егер де бірыңғай сатып алушы бойынша ешнәрсе белгісіз болса, енгізуді 1 қаңтарға дейін  кейінге қалдырудың мәні бар шығар», - деп онлайн-кездесуге қатысушы Әнуарбек есімді қатысушы өз ұсынысын білдірді.

Тұрақсыз батыс

Айта кетейік, МАЭК өкілінің айтуынша, миллиардтаған қарызы бар және банкроттыққа дейінгі жағдайдағы Маңғыстаудағы көптеген энергия беруші мемлекеттік кәсіпорындар алдын ала төлем жасай алмайды, нәтижесінде олардың өтінімдері назардан тыс қалады, яғни теориялық тұрғыдан олар КОРЭМ есеп айырысу орталығы арқылы теңгерімдеуші нарыққа шығуға мәжбүр болады, ал онда электр энергиясы қымбатырақ. Шамасы, мұндай мемлекеттік кәсіпорындар алдын-ала төлем бойынша емес, кепілді жеткізушілер сияқты факт бойынша төлейтіні туралы мемлекеттің шешімі ғана көмектесе алады.

Маңғыстау ЭТК-ның өкілі Майра Тәшімованың келесі сұрағы операциялық тәулік ішінде ұлғайтуға түзетулер енгізу мүмкіндігіне және бұл қаржы лимитін ескере отырып, тәуліктік кестеде қалай көрініс табатынына тоқталды. Бұдан басқа, апат болған жағдайда Атырау облысынан немесе РФ-дан электр энергиясын алу үшін теңгерімдеуші нарыққа жүгіну қажет пе, ал Маңғыстау өңіріне жоғары вольтты желілердің өткізу қабілеті үлкен ағынды өткізуге мүмкіндік бермейді, ал облыста тек МАЭК электр станциясы ғана бар, деген сұрақ қойды.

«Күшіне енген қолданыстағы заңнама ЖЭК-ті қоспағанда, көтерме сауда нарығының субъектілері үшін түзетуді көздемейді. ЖЭК тек генерацияның ұлғаюына түзетілуі мүмкін, ал қалған субъектілер – станциялар да, тұтынушылар да түзетулер жүргізбейді. Бұл бірінші мәселе бойынша. Екінші мәселе бойынша, ережелерді әзірлеу аясында біз транзиттік жоғары вольтты желілердің шамадан тыс жүктемесі туындаған кезде жүйелік оператор апат режимін жариялайды және осы теңгерімсіздіктердің барлығы бірыңғай бағамен сатып алынады, сатылады деп көздейміз. Қазір бұл бірыңғай сатып алушының бағасымен немесе аймақтардың орташа өлшенген бағасымен шешілуде», - деп түсіндірді Дәурен Шәкенов.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/ru/news/edinyj-zakupshik-elektroenergii-dobavit-napryazheniya-v-tarif

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тарифке кернеудің бағасын қосады Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тарифке кернеудің бағасын қосады
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар