Каримов  Мурат Актанович

 ТОО «АлматыЭнергоСбыт» Бас директоры

 1966 жылы 8 тамызда дүниеге келді. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы «Бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша гуманитарлық-техникалық институттын бітірді

 Еңбек жолын 1991 жылы «Қаратау» өндірістік бірлестігінің тау-кен техникасын жөндеуші ретінде бастады. 1994 жылдан 2001 жылға дейін Жаңатас электр желілерінің бас инженері, РЗиА қызметіне басшылық етті. Әртүрлі жылдарда «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ болжамдық даму департаментінің директоры, бөлім бастығы, Астана қаласының күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

 2011 жылдан 2014 жылға дейін. - «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2014 жылдан 2015 жылға дейін. - «Самұрық-Грин Энерджи» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдан бастап - Өндіріс мәселелері жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары - «Ерейментау жел энергетикасы» ЖШС бас инженері.

 «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағына ие (2011). «Тәжікстан Республикасының 20 жылдығы» медалімен марапатталған (2011). «KAZENERGY» Құрмет грамотасымен марапатталды (2012). «Самұрық-Энерго» АҚ-ның грамматикалық регистрі (2016) және т.б. 2018 жылдың наурызында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «AlmatyEnergoSbyt» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

 

 

Ахметғалиев Бахытжан Абдулхаметұлы

Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары

foto b.akhmetgaliev2

1991 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Университетінің механика және қолданбалы математика  факультетінде оқыған. 1995ж. Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласында US “Securities and Exchange  Commission” оқу орнында оқыған. Еңбек жолын 1995 жылы «Қазақ акционерлік агроөнеркәсіп банкі» ААҚ-та жұмыс істеуден бастады. 1996-2000 жылдары  «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ (KASE) мекемесінде Сауда-саттықты ұйымдастыру бөлімінің маклері, Листинг департаментінің бастығы, Стратегия және Үйлестіру департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды. 2000-2002жж. - «Алматы Жылжымайтын  мүлік» ЖАҚ, Вице-президенті, Президенті. 2002-2011жж. - «Real Estate Consult» ЖШС Бас директоры. 2011-2012жж. - «MSB» ЖШС-ның Кеңесшісі, Бас директоры. 2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасында, Алматы қ., Экономикалық талдау, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын бағалау департаментінің бастығы.

2016 жылғы маусымнан бастап - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директорының Корпоративтік даму жөніндегі орынбасары.

 

 

Бектемирова Майя Абдугалиевна

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Жетісу мемлекеттік университетінің инженер-экономика факультетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген, Халықаралық бизнес академиясында магистратураны аяқтап, MBA бойынша – корпоративтік қаржы біліктілігін алған. Сондай-ақ DipIFR (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) PWC дипломы, РФЦА академиясының «ҚР Кәсіби    бухгалтері» сертификатын иеленген. Өзінің еңбек жолын 2000 жылы «Нан өнімдері» ЖШС кәсіпорнында қаржы менеджері қызметінен  бастап,  2003 пен 2006 жылдар аралығында «КЦ Казагрокапитал» ЖШС-ның жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2011 жылға дейін «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінде кредит әкімшісі, корпоративтік қатынастар департаментінің жетекші менеджері  болып қызмет атқарған.  2011-2013 жылдары зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен айналысатын «ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамында аудитор, ішкі аудит қызметінің жетекшісі, Ішкі аудит қызметі төрағасының м.а. (қосалқы қызмет) лауазымдарында қызмет істеген.  2013 жылдан бастап энергетика жүйесінде жұмыс істейді. 2013-2015 жылдары «Алматы электр станциялары» АҚ-тың Қаржы жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен, 2015 жылғы қаңтардан  2016 жылғы наурызға дейін «Алматы электр станциялары» ЖШС-ның Қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып қызмет істеді.

2016 жылғы наурызда  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бақылау кеңесінің шешімімен Бас директордың экономика жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Антонова Ольга Сергеевна
Бас директордың электр энергиясын сату орынбасары

2002 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын  отын-энергетика кешендері кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі: инженер-экономист (үздік диплом). Өзінің еңбек жолын АӨЭК  (Алматы Өңірлік Электржелілік Компаниясы) мекемесінде Электр энергиясын сату қызметінің инженері қызметінен бастаған, содан кейінгі қызметін   Метрология және ЭТҚ департаменті электр энергиясын есепке алу қызметінің бас маманы, электр энергиясын сату қызметі бастығының орынбасары, экономикалық талдау және бюджеттің орындалуын бақылау тобының жетекшісі, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС №4 аудандық электр энергиясын сату бөлімінің жетекші маманы ретінде жалғастырады. 2009-2011 жылдар аралығында - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС №5 аудандық электр энергиясын сату бөлімінің бастығы. 2011-2014жж. - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қ. бойынша электр энергиясын сату бөлімінің бастығы. 2014 жылғы тамыздан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы облысы бойынша электр энергиясын сату департаментінің директоры болып қызмет атқарды

2017 жылғы қыркүйектен бастап Бас директордың электр энергиясын сату жөніндегі орынбасары

 

 

Аришев Самат Габитович

Көтерме сауда нарығы бойынша атқарушы директор

1981 жылы Алматы Энергетика институтының электротехникалық факультетін электр жүйесі және желілері мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі: инженер-электрик. Өз еңбек жолын «КОРЭМ» ЖАҚ-та бастап, әр жылдары инженер-технолог, энергия өндіруші кәсіпорындарда (электр станцияларында) энергетика жабдықтарын сынақтан өткізу және баптау жөніндегі 1-санатты инженер, ҚР БЭЖ көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын тәуліктік тұтыну және өндіру кестесін орындау жөніндегі коммерциялық диспетчер, сондай-ақ "KEGOC" АҚ Шарттар және теңгерім бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2007-2010 жж. - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да сектор бастығы, электр энергиясын сату және қамтамасыз ету орталық қызметі бастығының орынбасары, осы қызметтің бастығы болып жұмыс істеген. 2010-2011жж. «Казатомпром» ҰАҚ мекемесінде уран өндіруші кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етумен айналысып «Уранэнерго-Пул» ЖШС директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды. 2012 жылғы наурыздан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директорының өнідіріс жөніндегі орынбасары.

2017 жылғы қыркүйектен бастап  Көтерме сауда нарығы бойынша атқарушы директор