Тұтынушыларды электрқуатымен жабдықтау қызметінің толық кешенін атқару.

Біз әр тұтынушының ыңғайын табуға тырысамыз. Біз «жарық беруші - сөндіруші» және «төлемақы талап етер» бейтаныс бір мекеме ғана болмай, тұтынушыларға электрқуатына жұмсалар шығындарын реттеп жоспарлауға, қаражатын үнемдеуге жәрдемін аямайтын сенімді серіктес болу мақсатын қойып отырмыз.

Біз энергия жеткізу кешеніне қатысушыларымен бірге қаланы күнделікті электрқуатымен қамтамасыз ету қызметін үздіксіз атқару мақсатында бар күшімізді саламыз. Біз тарифтердің оңтайлы, қолжетімді болуын қостайтын мүмкіндіктердің бәрін қолданып, нарықта электрқуатын ең төменгі бағамен сатып алу амалдарын үнемі іздестірудеміз.

Біз тұтынушыларды сапалы электр қуатымен жабдықтауға және сапалы сервистік қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға тырысамыз.

Біздің негізгі құндылықтарымыз Жауапкершілік, Қол жетімділік, Сенімділік, Жоғары сапа, Жаңашылдық, Айқындық және Өзара түсінушілік болып табылады.

© 2018 АлматыЭнергоСбыт. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама