Құрметті тұтынушылар!

 

  2017 жылғы 11 шілдедегі № 89-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР-ның Заңымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №445 «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің 13.02.2018 жылғы №07-25/459 хатымен тұтынушылардың барлық санаттары үшін (жеке және заңды тұлғалар) тәулік зоналары бойынша электр энергиясы тарифтерінің саралауының күші жойылды.

  Бұрын тәулік зоналары бойынша тұтынылған электр энергиясына сараланған тарифтер арқылы төлем жүргізген тұтынушы жеке және заңды тұлғалар 2018 жылдың 01 наурызынан бастап тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің босату тарифі бойынша жүргізеді.

  Сонымен бірге, электр энергияны тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушы жеке тұлғалар электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдану туралы өтініш беруге құқылы. Электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдану өтінішті және тұрақты түрде тұратын тұтынушылардың санын растайтын ХҚКО анықтамаларын берген сәттен бастап жүзеге асырылады.

  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2018 жылдың 01 наурызынан бастап Алматы қаласының және Алматы облысы аймағының (Іле, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш аудандары және Қапшағай қ.) тұтынушылары үшін келесі тарифтердің әрекет ететіндігі туралы хабарлайды:

Алматы қаласы бойынша тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергияны тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер

Тарифтер 12% ҚҚС-мен көрсетілген

1 адамға кВт.сағ.

Алматы қаласының тұтынушылар категориясы

1 деңгей

16,65 теңге

2 деңгей

21,99 теңге

3 деңгей

27,48 теңге

Электрплиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар

90-ға дейін

90-нан 160 дейін

160-тан жоғары

Электрплиталарын пайдаланатын тұтынушылар

115-ке дейін

115-те 190 дейін

190-нан жоғары

Электрплиталарын пайдаланбайтын жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар

115-ке дейін

115-те 160 дейін

160-тан жоғары

Электрплиталарын пайдаланатын жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар

140-қа дейін

140-тан 190 дейін

190-нан жоғары

 

Алматы облысының аймағы

(аудандар: Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш, Қапшағай қ.)

Тарифтер 12% ҚҚС-мен көрсетілген

1 адамға кВт.сағ.

Алматы облысының тұтынушылар категориясы

1 деңгей

16,65 теңге

2 деңгей

21,99 теңге

3 деңгей

27,48 теңге

Электрплиталарын пайдаланбайтынтұтынушылар

70-ке дейін

70-тен 130 дейін

130-дан жоғары

Электрплиталарын пайдаланатынтұтынушылар

80-ге дейін

80-нен 150 дейін

150-ден жоғары

Электрплиталарын пайдаланбайтын жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар

100-ге дейін

100-ден130 дейін

130-дан жоғары

Электрплиталарын пайдаланатын жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар

120-ға дейін

120-дан 150 дейін

150-ден жоғары

 1) заңды және жеке тұлғалар үшін (бұрын тұтынылған электр энергиясы үшін тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер арқылы есеп айырысқан) – 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 16,36 теңге (1 кВт.сағ. үшін 12% ҚҚС-мен 18,32 теңге);

 2) жеке тұлғалар үшін электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер:

  • бірінші деңгейдегі тариф – 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 14,87 теңге (1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-мен 16,65 теңге);
  • екінші деңгейдегі тариф – 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 19,63 теңге (1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-мен 21,99 теңге);
  • үшінші деңгейдегі тариф – 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 24,54 теңге (1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-мен 27,48 теңге).