1. ҚР заңнамасына сәйкестік

Электрқуатына төлем тарифтерін қалыптастыру Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тарифті құраушы негіз ретінде электр энергия бағасы және оны тасымалдау үшін қойылатын баға есептеледі. Электр энергиясы бағасының өзгеруіне байланысты, «Алматыэнергосбыт» компаниясы жеткізушілердің алдындағы міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін қолданыстағы тарифті арттыруға құқығы бар.

2. Тариф әрқашан ашық-айқын

«Алматыэнергосбыт» компаниясы әрдайым электр энергиясы үшін тариф құрылымының айқындығын қамтамасыз етіп отырады.
Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясының соңғы тарифі келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

- энергия өндірушінің құны;
- электр энергиясын магистралды желілер бойынша жеткізуге қойылатын баға;
- АПК желілері бойынша жеткізуге және таратуға қойылатын баға.
- реттеу және диспетчерлендіру бойынша қызметтер; 

«Алматыэнергосбыт» компаниясы тұтынушылар мен жалпы тұрғындарды электр энергиясына қойылатын тарифтің құрылымы жөнінде үнемі хабарландырып отырады. Осылайша, қазіргі таңда тарифтің құрылымы мынадай көрініске ие: 55-тен 60%-ға дейін – бұл сатып алынатын электр энергиясының құны; 30% - бұл желілер бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі АЖК және KEGOC компанияларының қызмет үлесі; 7% - қосалқы қызметтер үлесі (реттеу, теңгеру, диспетчерлендіру); 3% - "АлматыЭнергоСбыт" АҚ қызметкерлер құрамына тиесілі қаражат.

3. Электр энергиясы үшін оңтайлы тарифті қамтамасыз ету

«Алматыэнергосбыт» компаниясы маркетингілік жоспарлар дайындап, іске асыра отырып, электр энергиясын ең төменгі бағалар бойынша сатып алады.