Құрметті тұтынушылар, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергияны бөлшек саудада
өткізудің шекті бағасының 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 22,18 теңгеге дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-
пен 24,84 теңге) көтерілгені туралы хабарлайды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясына шекті бағаны көтеру себептері:
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергияны беру қызметтеріне тарифтердің көтерілуі («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі»);
- «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтің өсуі;
- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемақы мөлшерінің және тиісінше, энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына босату бағасының өсуі («Алматы электр станциялары» АҚ, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ);
- 2022 жылы коммуналдық қызметтерді көтеруге мораторийдің 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін әрекет етуі кезінде келтірілген залал фактісі бойынша өтемақы (тұтынушылардың электр энергиясына жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдану; электр энергиясын сатып алу мен берудің орташа өлшенген бағасының нақты және бекітілген мәндері арасындағы электр энергиясын сатып алу мен тасымалдаудың айырмашылығы нәтижесінде);
- электр қуатын реттеу бойынша қызметтерге тарифтердің өсуі («Алматы электр станциялары» АҚ, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ).
Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерімен келісілген мынадай тарифтер қолданылатын болады:
Тұтынушылардың топтары бойынша:
1 топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес, өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 19,48 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 21,82 теңге);
2 топ: электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 23,47 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 26,29 теңге);
3 топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 31,92 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 35,75 теңге);
4 топ: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар (ӘМАТ) – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 22,18 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 24,84 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/ үйде тұрақты тұратын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 17,79 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 19,92 теңге);
2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 23,38 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 26,19 теңге);
3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,22 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,73 теңге).