Тұрақты даму

2023 жылғы ESG трендтері

Тұрақты даму – табиғи ресурстарды пайдалануды, инвестициялар бағытын, ғылыми-техникалық даму бағдарын, жеке тұлғаны дамыту мен институционалдық өзгерістерді қамтитын адам қызметінің әр түрлі аспектілерінің үйлесімділігі мен теңгерімі. Осы аспектілердің барлығы келісілген және бір-бірін қолдайтын болса, ол адами қажеттіліктер мен ұмтылыстарды қанағаттандырудың қазіргі және болашақ әлеуетін нығайтады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы стратегиялық жоспарды білдіретін тұрақты дамудың 17 мақсатын анықтады. ESG (Environmental, Social, Governance) өз кезегінде жоспар болып табылатын, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бизнесті жауапты жүргізу тетіктерін білдіреді.

Қазақстан «Тұрақты даму мақсаттары бойынша Прогресс индексі-2023» рейтингінде 166 елдің ішінен 66-орынға ие болып, мүмкін болатын 100 баллдың 71,6 балл жинады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында ESG қағидаттарын іске асыру жүзеге асырылуда, бұл экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар компанияның қаржылық емес тәуекелдерін төмендетуге де көмектеседі.

2023 жылғы ESG трендтері:

* жауапты тұтынуды;

* DUE diligence, Жеткізушінің кодексін қоса алғанда, жеткізу тізбегінің тұрақтылығын;

* жаһандық серіктестікті;

* аумақтардың тұрақты дамуын;

* қызметтің ашықтығын;

* климаттың өзгеруіне, климаттық тәуекелдерді басқаруға және бағалауға қосқан үлесін (IFRS, NCFD және т.б.);

* «жасыл» қаржыландыруды қамтиды.

2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетика саласындағы үздік компаниялардың 20%-на кіретін ESG тәуекел-рейтингін алды. Рейтинг Sustainalytics агенттігінің шкаласы бойынша орташа тәуекел деңгейіне сәйкес 24,1 баллды құрады. Электр энергетикасы саласындағы ESG тәуекелдерінің жоғары деңгейі тәуекелдерді басқарудың «Күшті» деңгейімен өтеледі.

Рейтингке әсер ететін кейбір негізгі тақырыптарға климаттың өзгеруі, жергілікті тұрғындарды тарту, қалдықтар мен қоршаған ортаның ластануын басқару, еңбек ресурстарын басқару, қызметін жүзеге асыратын өңірлерді дамыту, еңбек пен денсаулықты қорғау, корпоративтік басқару және іскерлік этика жатады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ тәсілдерінде көрсетілген ESG тұрақты даму қағидаттарын қолдайды және ұстанады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мемлекет, жұмыс берушілер, жұмыскерлер тарапынан үнемі қадағалауды талап ететін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблема болып табылады.

Серіктестіктің еңбекті қорғау жүйесінің жұмыс істеу мақсаты – бұл қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау. Адамдар – ең құнды ресурс, сондықтан Серіктестіктің жұмыс берушілерінің (басшыларының) басты міндеті адам өміріне қамқорлық жасау және оны сақтау болып табылады.

Серіктестік Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуге міндеттенеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек жағдайларын жақсарту үшін Серіктестік жаңа озық технологияларды енгізеді, қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізіледі, оған басқару жүйесін құруды және енгізуді ұйымдастыру, еңбек жағдайларының жай-күйін бақылау, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдау жүргізу, тәуекелдерді бағалау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға қатысты анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдау кіреді.

Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейі, сондай-ақ Серіктестік бойынша 2022 жылға дейін жұмыспен байланысты өлімге әкелетін жағдайлардың жалпы саны тіркелген жоқ.

    «Самрук-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының үндеуі

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу

Қоғамдастық пен оның мүдделі тараптары арасында тиімді байланыс пен диалог құру үшін байланыс жоспары жасалды.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу - бұл мүдделі тараптардың оларға мұқият, есеп беру құқығын қамтамасыз ететін механизмдер мен процедуралар жиынтығын қамтитын тұрақты процесс.

    «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұрақты даму саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бастамалар жоспары

    «АЭС» ЖШС коммуникация жоспары

Тұрақты даму Тұрақты даму
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY