Құрметті тұтынушы!

Жыл сайын ондаған қазақстандық тоқтың әсерінен ауыр, оның ішінде өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алады. Статистика бойынша энергетикалық объектілердегі жазатайым оқиғалардың көпшілігі зардап шеккендердің өз кінәсінен болады. Егер кейбіреулері электр тоғының әрекетіне жағдайдың еркі бойынша немесе қауіпсіздік ережелерін қарапайым білмеу салдарынан түссе, мысалы, үзілген сымдарға басу арқылы, басқалары қолданыстағы электр қондырғыларында түсті металдарды табуға тырысып, кернеудің әрекетіне түседі. Бұл бөлімде біз энергия объектілерінің жанындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы толық ақпарат жинауға тырыстық.

Есіңізде болсын электр қуаты қауіпті, ал электр қауіпсіздігі ережелері қарапайым!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Ескерту белгілері

«Абайлаңыз! Электр кернеуі!» ескерту белгісі мына жағдайларда:
• Электр станциялары мен қосалқы станциялардың 1000В-қа дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында бекітіледі. ТҚ-ның кіру есіктерінің сыртқы жағында (осы құрылғыларда орналасқан ТҚ және ТҚС-дың есіктерін қоспағанда); ажыратқыштар камераларының сыртқы есіктеріне және кернеуі 1000 В-қа дейінгі қалқандар мен құрастырмалар есіктерінің өндірістік үй-жайларында орналастырылған тоқ өткізгіш бөліктердің трансформаторлық қоршауларына бекітіледі.
• Елді мекен жерлерінде бекітіледі. Жерден 2,5 м биіктікте 1000В-тан жоғары ӘЖ-нің тіректерінде, 100 м-ден кем аралықтар кезінде тіреуіш арқылы, 100 м-ден астам және жолды кесіп өту кезінде әрбір тіректе орнатылады. Жол арқылы өткен кезде белгілер жол жаққа қарай, қалған жағдайларда тіректің бүйіріне оң және сол жағынан кезекпен қаратылуы тиіс. Плакаттар металл және ағаш тіректерге бекітіледі.
• ӘЖ темірбетон тіректерінде және бетон плиталарының АТҚ қоршауларында қолданылады.

Қолданыстағы электр қондырғылардың жанында

Қолданыстағы электр қондырғылардың жанындағы жүріс-тұрыс ережелері Бөгде адамдарға:
• электр желілік құрылыстардың аумағы мен үй-жайларына кіруіне және ол жерлерде болуға;
• электр қондырғылары қоршауының есіктерін ашуға және қоршаулар мен бөгеулерге кіруге;
• электр желілерде өз еркімен ауыстырулар мен қосуларды жасауға тыйым салынады.
Желі сымдарының және ғимаратқа ауа кірмелерінің астында қандай да бір құрылыс салуға, отын, сабан жинауға, от жағуға тыйым салынады.
Үзілген сымға 8 метрден кем қашықтыққа жақындау өмір үшін қауіпті!

Үзілген сымның жанында

• жерге құлаған, сондай-ақ үзілген сымдар, электр қондырғыларының ашық есіктері мен люктері, сондай-ақ электр беру желілерінің бүлінген тіректері анықталған кезде, бұл туралы контакт-орталығына +7-727-356-99-99, 399-00-00 телефоны бойынша немесе жергілікті электр желілерінің бөлімшесіне («АЖК» АҚ-ның ЭТА, www.azhk.kz) хабарлау қажет;
• жерге құлаған сым орналасқан жерді 8-10 м радиуста қоршау, күзет қою және авариялық бригада келгенге дейін ешкімді жібермеу қажет.

Электр беру желілерінің жанында

Электр беру желілерінің жанында:
•электр беру әуе желілерінің сымдары мен тіректеріне бөгде заттарды тастауға;
• электр беру әуе желілерінің тіректеріне көтерілуге;
• кез келген ұшу аппараттарын, оның ішінде әуе жыландарын және ұшу аппараттарының спорттық үлгілерін іске қосуға;
• енгізу және тарату құрылғыларының, қосалқы станциялардың, әуе электр беру желілерінің күзет аймақтары шегінде, сондай-ақ электр беру кабельдік желілерінің күзет аймақтарында күзетілетін аймаққа жақын жерде от жағуға тыйым салынады. Желдің бағыты мен оттың таралуын болжау мүмкін емес;
• жерге құлап кеткен, сондай-ақ үзілген сымдар, электр қондырғыларының ашық есіктері мен люктері, сондай-ақ бүлінген тіректер табылған кезде бұл туралы электр желілерінің жергілікті бөлімшесіне («АЖК» АҚ-ның ЭТА, www.azhk.kz) дереу хабарлау қажет.

Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!
Балаларды электр тоғымен зақымдану қаупі туралы жүйелі түрде ескертіңіз және оларға электр беру желілерінің тіректеріне шығуға, трансформаторлық қосалқы станцияларға немесе сымдары мен коммуникациялары бар тұрғын үйлердің техникалық жертөлелеріне кіруге тыйым салыңыз. Әдетте, бұл электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі туралы ескерту белгілері және тиісті плакаттар болады. Барлық белгілер мен плакаттар адамға электр тоғымен зақымдану қаупі туралы ескертеді. Бұл плакаттарды назардан тыс қалдырмаңыз, олар өмір үшін нақты қауіп туралы ескертеді!ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, барлық тіректер мен электр жабдықтарында мұндай плакаттар бола бермейді, бірақ олардың болмауы электр қондырғыларының кернеусіз екенін білдірмейді.
Балаларға электр сымдарға темір сымдарды және басқа да заттарды лақтыруға, оқшаулағыштарды бұзуға, баспалдақ электр қалқандарын және үйлердің кіреберістеріндегі кіру қалқандарын ашуға болмайтынын еске салыңыз. Балаларға электр тоғының әсерінен болатын барлық қауіпті түсіндіріңіз.Қолданыстағы электр қондырғылары ойындар мен ойын-сауықтардың орны емес.

Ауыл шаруашылығы машиналарында жұмыс істеген кезде

Электр берудің әуе желісі сымдарының астындағы машиналардың қозғалысына тек көлік жағдайында, сымдардың ең аз салбыраған жерінде, тірекке жақын жерде ғана жол беріледі. Қолданыстағы электр беру желілерінің астына машиналарды орнатуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Егер жұмысқа кірісе отырып, сіз үзілген, ілінген немесе жерде жатқан электр сымын, сондай-ақ бүлінген тіректі байқасаңыз, ол туралы жақын жердегі энергия кәсіпорнына, "АЖК" АҚ аудандық электр желісіне (ЭТА) немесе жергілікті билік органына дереу хабарлаңыз. Үзілген сымдар аймағында болу қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Тіпті жерде жатқан сымға жақындағанда да адам немесе машина электр тоғының әсеріне ұшырайды. Сым - адам (машина) - жер – бұл шарттар электр тоғы өтетін жол болып табылады. Тек қана қолмен ұстау ғана емес, электр беру әуе желісінің үзілген, жерде жатқан сымның жанынан 8-10 метрден қашықтықта жүру қауіпті екенін тұрақты есте сақтау қажет. Оқшаулама зақымданған кезде ӘЖ тіреуіші төмендегі белгілерде кернеу астында болуы мүмкін:
• топырақтан ылғалдың булануы;
• тіреулерде және тіректерді топыраққа бекіту орындарында электр доғасының пайда болуы.
Осындай тірекке жақындаған кезде сіз қадамдық кернеу аймағына түсесіз. Егер бұл адамдар мен жануарлардың өміріне қауіп төндірсе, жөндеу бригадасы келгенге дейін жұмыс істеуге кіріспеңіз және сымның құлау орнынан кетпеңіз. Көтергіш механизм немесе машинаның басқа да бөліктері тоқ өткізгіш сымдармен жанасқан жағдайда жүргізуші байланысты тез бұзуы және механизмнің жылжымалы бөлігін тоқ өткізгіш бөліктерден алып тастауы тиіс. Пневматикалық дөңгелектері бар және шынжыр табанды трактордың кабинасындағы жүргізуші электр өрісінің әсерінде екенін есте сақтау керек, бірақ бұл қауіпті емес. Қауіпті қадамдық кернеу немесе сым-машина-адам-жер байланысы төндіреді. Кернеудің әсеріне түскен кезде машинаның кабинасынан келесі тәртіппен шығу керек:
• машина корпусына тимей, екі аяқпен жерге секіріңіз;
• екі аяқпен немесе аяқтың табанын жерден тигізбей және табандардың арасында алшақтық жасамай (аяқтың өкшесі жерден көтерілмей, екінші аяқтың басына қойылады) кемінде 8-10 м қашықтықта қауіпті аймақты тастап кету керек.

Тұрмыстағы электр қауіпсіздігі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Тұрмыстық электр құралдары мен кернеуі 220 В болатын тасымалды шамдар тоқ өткізбейтін (құрғақ ағаш) едендер бар үй-жайларда және жерге қосылған металл құбырлар мен құрылымдардан алыс жерде пайдалануға арналғанын білу қажет. Сондықтан ванна бөлмелерінде, балкондарда, дәретханаларда, жерге қосылған және бетон едендері бар үй-жайларда плиткаларды, электр каминдерді, тасымалданатын электр құралдарын, үтіктерді, электр шәйнектерді, торшерлерді, үстел шамдарын пайдалану қауіпті.
1. Электр құрылдарына және қандай да бір құбырларға, жылыту батареяларына, жерге қосылған металл құрылымдарға бір мезгілде қол тигізуге болмайды, себебі электр құралының оқшауламасы адам денесі арқылы зақымданғанда өмірге қауіпті тоқ өтеді.
2. Желіге кір жуғыш машиналарды, радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды және басқа да электр құралдарын қосуға және оларды ашық ауада пайдалануға болмайды, себебі жер жақсы электр өткізгіші болып табылады және құралдың қандай да бір ақаулары кезінде адам электр тоғының әсеріне түсуі мүмкін.
3. Электр сымдарына затта ілуге, баусымдар мен сымдарды бояуға немесе ақтауға, электр сымдарын түсқағазбен жабыстыруға, сымдарды шегемен бекітуге болмайды – бұл сымдардың оқшаулануының бұзылуына және электр тоғының зақымдануына әкелуі мүмкін.
4. Егер электр баусымының немесе электр сымның оқшауламасы зақымдалған, бүлінген болса электр құралын пайдалануға болмайды.
5. Қақпақтары сынған ажыратқыштарды, штепсельді розеткаларды, электр ашаларын, қоңырау түймелерін пайдалануға болмайды.
6. Барлық жағдайларда кернеуде қандай да бір жұмыстарды жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынады: электр шамдарын ауыстыру, ажыратқыштарды, розеткаларды, қоңырауларды және т.б. жөндеу.
7. Қосылған электр қыздырғыш құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, оларды тез тұтанатын заттар үстелдерге, дастархандарға, перделерге жақын жерде орнатпаңыз.
8. Электр жабдығының металл корпустарын жерге қосу үшін жылыту жүйелерінің металл бөлшектерін пайдалануға қатаң тыйым салынады, себебі жүйені жөндеу кезінде жылу батареяларының бөлігі кернеу астында болуы мүмкін.
9. Жарық беретін арматураны дымқыл қолмен ұстаған кезде ерекше қаіуп туралы ешқашан ұмытпаңыз. Электр энергиясын пайдалану кезінде мұқият болыңыз және қайда болмасын электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз.

Электрмен жұмыс істеу ережелері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
• электр желісіне өз бетінше қосылмаңыз. Мамандарды шақырыңыз!
• электр беру желілерінің түсіп қалған, үзілген, жерде жатқан сымдарға қол тигізбеңіз және оларға 8 метрге жақын қашықтықта жақындамаңыз.
• үзілген сым найзағайдан кейін дымқыл болған ағашта болуы мүмкін. Мұндай ағашқа жақындау қауіпті.
• балаларға әуе электр беру желілерінің астында ойнауға, трансформаторлық будкалардың және тарату құрылғыларының есіктерін ашуға, жақын жерде электр сымдары өтетін тіректерге, үйлер мен құрылыстардың шатырларына шығуға рұқсат бермеңіз.
• әуе электр беру желілерінің астында моншалар мен сарайларды салмаңыз, отын мен шөпті сақтамаңыз.
• электр сымдарын өзіңіз жөндемеңіз, электрикті шақырыңыз;
• электр құралдарын (ажыратқыштарға, розеткаларға, патрондарға) және жерге тұйықталған металл заттарды (жылыту батареяларына, су мен газ құбырларына) бiр мезгiлде ұстамаңыз;
• электр желісіне қосылған кофе қайнатқыштарды, шәйнектерді су құбыры кранының суымен толтырмаңыз;
• электр құралдарын жөндеуге кіріспес бұрын кернеуді өшіріңіз;
• шамды ауыстыруды шешсеңiз, ажыратқышты өшiрiңiз;
• электр құралдарын ванна бөлмесінде пайдаланбаңыз;
• балалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн розеткаларды арнайы қақпақтармен жабыңыз;
• электр құралы өшірілген болса да, қуат сымының ашасын розеткада қалдырмаңыз.

Энергия қауіпсіздігі бойынша жадынама Энергия қауіпсіздігі бойынша жадынама
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY