Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт»-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.
Жария тыңдауларға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт»-ның тұтынушылары мен өкілдері, мүдделі тұлғалар Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирге қатысты https://m.facebook.com/dkrem.almaty/.
Жария тыңдаулар барысында тұтынушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт»-ның өкілдері тиісті түсініктемелер берді.
Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі заңнамада белгіленген мерзімде қабылданатын болады.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/17793?lang=kk
Telegram