«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» бас директоры лауазымында қызмет атқарған Копенов Еділ Құдайбергенұлы «Самұрық-Энерго» компаниялар тобындағы басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен кетті. Оның орнына бас директор болып Исламова Гүлжан Мәулетқызы тағайындалды. Бұған дейін ол «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. Екі өзгеріс те 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
Бүгін, 2024 жылғы 1 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ GR, даму және IT жөніндегі басқарушы директоры Ивченко Елена Дмитриевна «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» ұжымына жаңа бас директорды таныстырды.
Гүлжан Мәулетқызы 20.06.1979 жылы туған.
Жетісу экономикалық институтын Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – экономист-бухгалтер.
Гүлжан Мәулетқызы еңбек жолы 2009 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» Алматы қаласы бойынша аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің операторы лауазымынан бастады.
Әр жылдары Алматы облыстық жабдықтаушы қызметінің жетекші маманы, бас маманы; орталық жабдықтау және энергия ресурстарымен қамсыздандыру қызметінің бас маманы болып жұмыс істеді.
Telegram