Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Tengrinews.kz ресми сайтта жарияланған ақпарат бойынша

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «механик, қолданбалы математик» мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ президенті.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы.

2021-2023 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/rk2012/almasadam-satkaliev-energetika-ministr-kyizmetne-349584/

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметіне тағайындалды Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметіне тағайындалды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар