Қазақстанда энергия объектілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс басталуда

«ҚазАқпарат» ХАА ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биылғы жылдан бастап энергия объектілері мен желілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жылыту маусымын талқылау барысында біз энергия объектілері мен желілердің жай-күйі мәселесін бірнеше рет көтердік. Ағымдағы қыста бұл тақырып тұрғындардың тарапынан ең көп шағымдар тудырды. Сондықтан биыл оларды жөндеу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар басталады», - деді Әлихан Смайылов.

Министрлер кабинетінің басшысы ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мен олардың бағасы туралы мәселелерге жеке тоқталды.

«Елімізде ЖЖМ өндірісінің жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан, оны тұтыну да өсуде. Бұл ішкі тұтыну көлемінің өсуіне байланысты болып отырған жоқ. Бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты отынымыздың көрші елдерге кетуі байқалады», - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, бензин құны Ресейде 45%-ға, Қырғызстанда – 64%-ға, Өзбекстанда – 100% -дан жоғары.

«Нәтижесінде егіс және егін жинау жұмыстары кезінде отынның, әсіресе дизельдің тапшылығына тап боламыз. Бүгінде отандық МӨЗ өз мүмкіндіктерінің аясында жұмыс істеуде. Сондықтан бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі ұстап тұру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмашылығын азайтуға мәжбүрміз. Басқа амалымыз жоқ. Әйтпесе, бір айдан кейін отынның нағыз тапшылығын сезіне бастаймыз», - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Қазақстанда энергия объектілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс басталуда Қазақстанда энергия объектілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыс басталуда
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар