Екі айда 1 рет ғылым жетістіктері туралы дайджест алып тұрамын – Президент

ХАА «ҚазАқпарат» ресми сайтта жарияланған ақпарат бойынша

Пурду (АҚШ) университеті Ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетола Еңсепов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ғалымдардың жетістіктері туралы ақпарат алып тұруды ұсынды.

«АҚШ-та ел Президенті жанындағы ғылым және технология жөніндегі кеңестің бір қызметі – ғалымдар мен Президент әкімшілігі арасында ақпарат алмастыру. Сондықтан біздің кеңестің ғалымдары өз аттарынан Мемлекет басшысын жаңалықтар мен тенденциялар, әсіресе ғылым саласындағы пайдалы ұсыныстар жайлы ақпараттандырып отыруды ұсынады», - деді ғалым Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар тарапынан айтылған барлық ұсыныс жинақталып, назарға алынатындығын атап өтті.

«Мен өзім бүкіл әлемдегі ғылыми жетістіктер баяндалатын дайджесті екі айда бір рет тұрақты түрде алып отырамын. Отандық ғалымдарымыздың тарапынан да ақпарат өте пайдалы болар еді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/eki-ayda-1-ret-gylym-zhetistikteri-turaly-daydzhest-alyp-turamyn-prezident_a4056191

Екі айда 1 рет ғылым жетістіктері туралы дайджест алып тұрамын – Президент Екі айда 1 рет ғылым жетістіктері туралы дайджест алып тұрамын – Президент
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар