«Жабдық жарты ғасырдан астам уақыттан бері ауыстырылмаған»: Алматы энергетиктері ЖЭО-3 жағдайы туралы

news 25 04 23 3

Tengrinews.kz ресми сайтта орналастырылған ақпарат бойынша

Алматы ЖЭО-3 тағы бір қыстан шыға алмауы мүмкін. Энергетиктер аймақтың бір бөлігін жылу мен электрмен қамтамасыз ететін станцияның жағдайына қатты алаңдайды. Жабдық жарамсыз күйге ұшырауда. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы ауыстырылған жоқ.

«АлЭС» АҚ бас инженері Ғазий Исмухамбетовтың айтуынша, ЖЭО-3 1962 жылы пайдалануға берілген, бүгінгі таңда жабдықтың тозуы 77 пайызды құрап отыр.

«Жабдық іс жүзінде ауыстырылмаған. Ол ескірген, көп шығындарды қажет етеді. Бұл жабдықта көптеген технологиялық бұзушылықтар орын алуда», - деді ол.

Қатты аязға байланысты биылғы жылыту маусымы қиын, алайда ешбір ауыр оқиғаларсыз өтті. Ал күзде қиындықтар туындауы мүмкін. Ұзақ жылдар бойы пайдаланып келе жатқан агрегаттар істен шығуда. Мамандар барлық ақаулықтарды бірден жою мүмкін еместігін айтады. Күрделі жөндеуге қаражат жоқ.  Еліміз электр желілеріне арналған жабдықты негізінен Ресей мен Украинадан сатып алатындығы жағдайды ұшықтырып отыр. Жеткізушілер өткен жылы бағаны екі еседен астамға көтерді.

Мәселелерді тек ауқымды қайта құру арқылы шешуге болады. 2026 жылға қарай ЖЭО-3-те бу-газ қондырғысын салу және ескі станцияны толығымен бөлшектеу жоспарлануда.

«Жабдықты пайдалану мерзімі 25 жылдан аспайды. Ал біздің компаниямыздың құрылғанына 70 жылдан астам уақыт болды. Бізде 50-60 жылдан астам пайдаланып келе жатқан кабельдік желілер бар. Бізде қарастырылған бюджет желілерімізді қайта құру мен жаңғыртуға жеткіліксіз, - деп толықтырды «АЖК» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Жақсылық Сағымбеков.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/oborudovanie-ne-menyali-poluveka-almatinskie-energetiki-496749/

«Жабдық жарты ғасырдан астам уақыттан бері ауыстырылмаған»: Алматы энергетиктері ЖЭО-3 жағдайы туралы «Жабдық жарты ғасырдан астам уақыттан бері ауыстырылмаған»: Алматы энергетиктері ЖЭО-3 жағдайы туралы
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар