Туннельдің соңындағы жарыққа қарай ұмтылу

time.kz. ресми сайтында орналастырылған ақпарат бойынша.

Жазға аяқ басар алдында қыстағы суық пен ызғар туралы ұмытпаңыз. Қазақстандықтар жылу мен электр энергиясы құнының өсуіне тап бола ма? Жылу-энергетика саласында білікті басшылық бар ма?

Неліктен біз әрқашан электр энергетикасы тақырыбына қайта оралып, оны талқылауды жалғастырамыз? Үлкен қалалар мен ең кішкентай елді мекендердің өмірін, ал ешбір экономикалық және жалпы алғанда адамның шаруышылығын жылу мен жарықсыз елестету мүмкін емес. Алайда, біз алдағы уақытта жылу мен жарықпен қамтамасыз ету мәселесіне тап болып отырмыз. Әйтсе де, маңызды тағы бір нәрсе бар: үкімет сенімді түрде электр энергетикасы саласын дамытуға тартып жатқан туннель тығырыққа тіреліп және одан бір оң нәтиже көрмейміз деп қорқамын.

Сондықтан біздің алдымызда үш міндет тұр: біріншіден, «тарифті инвестицияға айырбастау» үкіметтік бағамының неліктен тығырыққа тірелетінін түсіндіру; екіншіден, дұрыс жол көрсетер алдында бағытты қай уақытта ауыстыру керек екендігін айту; үшіншіден, бұл ең бастысы – электр энергетика – іргелі сала ретінде ең бірінші болып және объективті себептермен дамудың тығырығына ұшырағанын алдын ала ескерту. Одан кейін ТКШ, көлік, су шаруашылығы, аграрлық және басқа да инфрақұрылым салалары кезекте тұр. Үкіметтің бағытын бүкіл ұлттық экономикаға бұру уақыты келді және бұл жерде электр энергетикасы бүкіл экономиканы инвестициялық тығырыққа тартатын қозғаушы күш рөлін атқарады немесе одан шығатын жолды көрсететін болады.

Қазір бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында өндіруші қуаттардың тапшылығы мен электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігі, жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың тозуы, тапшылықтың өсуі мен алдағы уақыттағы тозу туралы дәлелді материалдар таратылып жатыр. Соңғы жылдардағы тарифтердің мөлшерленген индексациясы нарықтағы нақты бағалардың өсуінен неғұрлым артта қалғаны туралы, 2009 жылдан бастап 2015 жыл аралығында электр станциялары үшін шекті тарифтерді көтеру тәжірибесі электр станциялардағы жағдайды айтарлықтай жақсартуға, көп нәрсені жөндеуге және қалпына келтіруге мүмкіндік бергендігі туралы айтылған. Материал барлық сандық деректерді, иллюстрацияларды көрсете отырып, жасалғандығы Энергетика министрінің барынша тырысқандығының дәлелі. Бұл іс-әрекеттің мағынасы түсінікті: тарифтерді көтеру керек, басқа жол жоқ.

Біз мұндай пайымдаулар мен сандық есептеулердің бәріне қарсылық білдіре алмаймыз, тек бір нәрсе қосуға болады. Атап айтқанда: үкімет халық пен шағын және орта бизнес арасында наразылықтың туындауына және инфляцияның жылдам өсуіне қауіп төндірмей, тарифтерді көтеруге батылы баратын 10-15 және кем дегенде 25 пайыз энергетиктер үшін «материалдық жағдайды қолдау» ғана болады. Мұндай қосымша үстемелерге кадрлардың тұрақтамауын аздап азайтуға, біршама жабдықты жөндеуге болады. Сонымен қатар, біз генераторлық және желілік қуаттардың физикалық жетіспеушілігі туннеліне кірдік және оны тариф арқылы еңсеру үшін қажетті ақшаны түбегейлі жинай алмаймыз.

Бұл жерде біз өзімізге сенімді болу үшін Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйенгеніміз жақсы болар еді. Бірақ, өкінішке орай, олар жоқ. Сенесіз бе жоқ па, бірақ салалық органда электр энергетикасының болашағын негіздейтін және нені және қайда салу керектігін, бұл үшін қандай қаражат қажет болатынын, оларды қандай көздерден алу жоспарланғанын және тарифтердің қандай деңгейі күтілетінін түсіндіретін мәліметтер мүлде жоқ.

Энергетика министрлігі саланың болашағын жоспарлайтын бірден-бір құжат – бұл басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген жеті жылға, яғни 2023-2029 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуаттардың болжамдық теңгерімдері. Бұл болжамды теңгерімдерден анық көрінетін жалғыз мәселе - электр энергиясы тапшылығының ұлғаюы. Мысалы, алдағы қыста біз максималды жүктемені 17,7 ГВт күтеміз, ал жеті жылдан кейін ол 22,9 ГВт-қа дейін өседі. Жалпы өсім 5,2 ГВт құрайды. Атап айтқанда, егер Энергетика министрлігі 1,4 ГВт нормативтік резервті ескере отырып, ағымдағы жылдың тапшылығын есептесе, бірақ әлі де 0,5 ГВт қуаттылықтың физикалық қоры бар болса, онда 2029 жылға қарай таза физикалық тапшылықтың өзі 0,7 ГВт, ал нормативтік резервті ескере отырып, барлық 3,1 ГВт құрайды.

Осылайша, салалық штаб болашақтағы дамуға қарай бет бұра отырып, министрдің бұйрығымен салада болатын апатты бекітеді: жылдан жылға энергетиктер энергиямен жабдықтаудағы қажеттіліктерінен артта қалатын болады.

Күйреуді алдын ала болжау үшін біздің үкімет орындалмайтын жоспарлар мен уәде етілген істерді ұмытқанды ұнатады, сондай пікірмен келісесіз бе? Басқа ведомстволарға қатысты мұндайды байқамадым. Энергетика министрлігіндегі жоспарлаушы мамандарды жазалауды талап ететін уақыт келді, алайда олар жоқ. Болжамды теңгерімдерді үшінші тараптың адамдары, өздігінше кәсіби мамандар бұрыннан белгілі схема бойынша жасайды: алдымен кәсіпкерлер мен әкімдіктерден тұтыну өсімінің жоспарларын анықтап, кейіннен қуаты көтеру жоспарларын біледі. Көптеген ұйымдар мен тұлғалардан сұрауды жүргізуге тура келеді: қазақстандық энергетика жүйесін жекелеген бөліктерге бөліп алған «Самұрық-Энерго» АҚ-ның,  «KEGOC» АҚ-ның, белгілі Клебановтың, «Қазақстан коммуналдық жүйелердің» және ондаған өндірістік топтардың өзіндік бір жоспарлары бар. Энергетика министрілігі саладағы жаңалықтарды қоғамға жеткізе отырып, өкінішке орай, осы жаңалықтарға өз септігін тигізе алмайды.

Алайда электр энергетикасы саласындағы жағдайды өз қолымызға алатын кез келді! Мәселен, авариялық қорсыз ғана болу үшін бізге 2029 жылға дейін кемінде 5200 мегаватты енгізу керек. Ауқымды бағалау үшін осындай шаманы немен салыстыруға болады? Қазақстандық энергетиканың флагманы – бүкіл Кеңес одағымен бірігіп, жеті жыл бойы салынған Екібастұз ГРЭС-1, бұл төрт гигаватты құрайды, алайда нөмір бірінші блокты қалпына келтіру мүмкін болса. 2035 жылға дейін екі блогы бар Балқаш АЭС-ты іске қосу мүмкін болса, онда бұл тек 2,4 ГВт-ты құрайды. Екібастұз ГРЭС-2, үштен сегізге дейінгі барлық жоспарлы блоктардың құрылысын бітірсек, онда плюс 3 ГВт болады. Егер де ЖЭО-2 мен тағы бір ЖЭО алаңындағы құрылыспен байланысты іс-әрекеттерді есепке ала отырып, барлық алматылық энергия кешеніндегі үш ЖЭО-ны толығымен реконструкциялауды жүргізсек – өсім бір гигаваттан да аз болады.

Бір сөзбен айтқанда, екі-үш жылдан кейін жылу-энергиямен жабдықтаудың (кезекпен өшіру, жылу желілері бұзылған кезде) құны қазіргі бағаға қарағанда екі есе өскен бағаны алып және не себепті мұндай жағдайға тап болғанымызды сұрамас үшін жылу-электр энергетикасын дамытудың нақты жоспарын жасау қажет. Бұл жоспардағы ең бірінші жол: электр станцияларының, электр және жылу желілерін дамытуды инвестициялау тарифтердің өсімі есебінен жүргізілмеуі тиіс. Тарифтердің деңгейі қолданыстағы қуаттарды пайдалануға қажетті және жеткілікті шығындармен анықталады және нәтижесінде тарифтік саясат ашық болуы тиіс.

Ал күрделі құрылысқа келетін болсақ, мемлекет қажетті және жеткілікті тарифтен тыс қаржыландыруды ұйымдастыруға міндетті. Біз үкіметтің экономикалық блогының үштен екісі алдымен не туралы екенін түсінбейтінін, содан кейін олар не себепті олай істеуге болмайтыны және одан ештеңе шықпайды және т.б. дегенге жүз дәлел тауып береді. Бірақ бізде әлі уақыт бар және біз оны қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіруден жалықпаймыз.

Бүгінгі күннің басты сұрағы: жылу энергетикасы саласы шын мәнісінде жауапты түрде басқара алатын басшылыққа ие бола ма? Энергетика министрлігінің басшылары жыл маусымы ауысқан сайын өзгеріп отырады, алайда бізге кезекті қаңтарда кезекті артта қалу көрсеткішінің тіркеуі бар кезекті болжамды теңгерімге қол қоятын емес, үкіметке сұрақтарды тура, төтесінен қоя алатын,  министр қажет.

Бұл нақты қаржыландырумен энергетиканы жоспарлау мәселесі ғана емес, сонымен бірге ұлттық энергетиканы ұлттық өндірістік базамен қамтамасыз ету де маңызды. Әйтпесе, біз туннельдің соңында электр жарығын мүлде көре алмаймыз.

Дереккөз: https://time.kz/articles/moment/2023/05/10/navstrechu-svetu-v-kontse-tunnelya

Туннельдің соңындағы жарыққа қарай ұмтылу Туннельдің соңындағы жарыққа қарай ұмтылу
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар