«ҚазАқпарат» ХАА ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.

«Саладағы ағымдағы жағдайды, атап айтқанда: жүйедегі жоспарлы теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының болжамды тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әр түрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын және генерациялаудың жаңа көздерін, оның ішінде ЖЭК салу жөніндегі жоспарларды ескере отырып, электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сатудың – электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы моделі енгізіледі. Ол электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмауға, өнімсіз делдалдарды қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде», - деді Ж. Нұрмағанбетов.

Оның айтуынша, жаңа модель электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік графиктерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты графиктеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, электр энергияны Бірыңғай сатып алушы жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және тапшылық кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын, жұмыс істеп тұрған станциялардың ағымдағы тарифтерін теңестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ болашақта өңірлер арасында электр энергиясының тарифтерін теңестіруді жүзеге асыруға көмектеседі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы орталықтандырылған сауда-саттықтың электрондық алаңында орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу арқылы электр энергиясын отандық электр станцияларынан жоспарлы сатып алуды бір тәулік бұрын жүзеге асыратын болады. Бірыңғай сатып алушының моделін енгізу ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жоспарлануда.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/edinyy-zakupschik-elektroenergii-nachnet-rabotat-v-kazahstane-s-1-iyulya_a4073006

1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жұмыс істей бастайды 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жұмыс істей бастайды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар