Ағымдағы жылдың 06-09 мамыр аралығында Алматыда 1941-1945 жылдары фашизмге қарсы күрес батырларына арналған іс-шаралар өтті. Мегаполис тұрғындары ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетіп, майданда қаза тапқан батырларды еске алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және ардагерлерді құрметтеу күніне арналған іс-шаралар дәстүр бойынша 28 гвардияшыл- панфиловшылар атындағы паркте өтті.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» қызметкерлерінің «Жас Қуат» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі де шетте қалған жоқ, кәсіподақтың ұйымдастыруымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» қызметкерлері компания басшылығымен майдан даласынан оралмаған батырларға құрмет көрсету үшін 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы паркке келді.
Қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен өз Отанын және ұрпақтарының бейбіт болашағын қорғаған боздақтарды еске алды.


Telegram