2024 жылдың 11 шілдесінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» Контакт-орталығының телефоны кабельдік желінің апатына байланысты уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.

Сіз өзіңізге жақын орналасқан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» бөлімшесіне электр энергиясына қатысты мәселелерді шешу және тарифтер, есеп айырысулар, электр энергиясының болмауының себептері бойынша қосымша консультация алу үшін жүгіне аласыз, сондай-ақ электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге арналған өтінімді қалдыра аласыз.

Сіз Telegram мессенджеріндегі «@AlmatyESBot» чат-боты, сондай-ақ www.esalmaty.kz ресми сайтымыздағы Апаттық өшіру мен Жоспарлы өшірулер кестесі қосымша беттері арқылы электр энергиясын жоспарлы және апаттық өшірулер мен дебиторлық қарыз үшін өшірулер туралы ақпаратты онлайн-режимде ала аласыз.

Мәселелерді шешу үшін компанияның корпоративтік сайтында тұтынушы заңды және жеке тұлғаларға арналған Жеке кабинеттер қолжетімді.

Тұтынушы жеке тұлғалар үшін Жеке кабинетте онлайн өтінім беру мүмкіндігі ұсынылған. Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, онлайн-режимде келесі мәселелерді шешу ұсынылады:

1) тұрғындардың санын өзгерту;

2) меншік иесін ауыстыру;

3) тарифтік жоспарды өзгерту;

4) дербес шотты жабу.

Егер Сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат алу қажет болса, бізге ресми сайттың басты бетінде орналасқан Кері байланыс немесе «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт»-нің office@esalmaty.kz корпоративтік поштасы арқылы өтініш қалдыруыңызға болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар! Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY