«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Энергосбыт» филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2025 жылғы 1 маусымнан қолданысқа енгізіле отырып, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясының шекті бағасының жобасын келісуге ұсынғандығы туралы хабарлайды.
Ол келесі себептерге байланысты:
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет бағасының;
- 2025 жылғы 01 сәуірден бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өңірлік деңгейдегі желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметке тарифтің, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерге және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтерінің өсуіне;
сондай-ақ, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI Заңының 22-бабының 1-тармағына және ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-тармағына сәйкес «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 2025 жылғы 14 сәуірде 2025 жылға арналған электр энергиясын беру қызметі бойынша бекітілген тарифті оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге өтінім беруіне байланысты,
1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға электр энергиясының шекті бағасын ҚҚС есебінсіз 38,66 теңге/кВт.сағатқа дейін көтеру жоспарланған.
Шекті тариф деңгейінің осы жобасы түпкілікті болып табылмайды.
Шекті тарифтің бекітілген деңгейі Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРКД тарапынан сараптама жүргізілгеннен және келісілгеннен кейін жарияланатын болады.
Тұтынушылар топтары мен тұтыну нормалары бойынша сараланған электр энергиясына тарифтердің жобасы
|
Сараланған тарифтердің деңгейлері |
2025 жылдың 1 қыркүйектен бастап тарифтердің жобасы ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ. |
|
Шекті баға: |
38,66 |
|
тұтыну нормалары бойынша (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ.): |
|
|
- 1-деңгей |
26,80 |
|
- 2-деңгей |
35,42 |
|
- 3-деңгей |
44,28 |
|
тұтынушылардың келесі санаттары үшін (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ.): 1-топ: электр энергиясын өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді пайдаланбайтын) |
29,52 |
|
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар |
38,66 |
|
3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар |
111,72 |
Қосымша ақпарат алу үшін 8/727/3560437, 8/727/3560407 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.