«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тимбилдингі

2023 жылдың 30 сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Жас Қуат» жергілікті кәсіподағы өз қызметкерлері үшін елімізде ерекше аталып өтілетін Наурыз мейрамы мен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелеріне орай тимбилдинг ұйымдастырды.

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан бері халқымыздың рухани құндылықтары мен мәдени дәстүрлерін, жарқын көктемнің басталуын, табиғаттың жандануын, жалпыға ортақ достық пен бейбітшілікті бейнелейтін ұлы мереке, сонымен қатар ол Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігі күні мерекесінде де өз жалғасын табады.

Компанияда 500-ден астам адам жұмыс істейді және осындай іс-шаралар компания қызметкерлерінің бір-бірімен жақынырақ танысып, тілдесіп, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоциялар алу, жоғары нәтижелерге бағытталған ұйымшыл команда екендігін сезіну үшін өткізіледі.

Мереке аясында салтанатты іс-шаралар, командалық пен шығармашылық жарыстар өткізілді, ал олардың ішіндегі ең бастысы Алматы қаласы мен Алматы облысының барлық құрылымдық бөлімшелері арасында үздік өнер көрсету байқауы болды. Қызметкерлер бес командаға бірігіп, олардың әрқайсысы Қазақстан халықтарының бірегей мәдениеті мен әдет-ғұрпына байланысты бар өнерін паш етуі тиіс болды.

Әрбір команда бір ұлтты таңдап, сол ұлтқа тиесілі салт-дәстүрлерді ескере отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші орынды сыған ұлтының керемет биін көрсеткені үшін Алматы облыстық жабдықтаушы департаментінің директоры бастаған Талғар және Еңбекшіқазақ аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшелерінің құрама командасы иеленді, бас кеңсенің қызметкерлері заманауи үнді стиліндегі әсерлі биді көрсетіп екінші орынға ие болды, Ұйғыр аудандық бөлімшесі ұйғыр халқының салт-дәстүрін би арқылы таныстырғаны үшін үшінші орынды алды, ал төртінші мен бесінші орынды қазақ және орыс ұлттық билері мен әндерін ұсынған екі жарқын команда – Алматы қалалық жабдықтаушы қызметінің және Алматы қаласының барлық аудандық бөлімшелерінің құрамалары бөлісті.

Байқау нәтижелері бойынша командаларға орындарды бөлу кезінде таңдау жасау басшылық үшін қиынға соқты, өйткені барлық команда өздерінің шығармашылық қабілеттері мен дайындықтарының жоғары деңгейін көрсеткендігін және ұйымшыл ұжымымыздың өнер көрсеткен барлық қатысушылары бірінші орынға лайық екендігін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Е.К. Копенов атап өтті.

Біз өткізілген іс-шараға ат салысып қатысқан әрбір қызметкерге компаниямыздың өркендеуі мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, ұжымымызда әрқашан достық пен бірліктің орнауын тілейміз!

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тимбилдингі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тимбилдингі
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар