«Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының жеңімпаздары

news 18 08 23 aes 1

 «Самұрық-Қазына» АҚ қорында 2023 жылғы 16 тамызда  «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының қорытындысы шығарылды.

Белсенді және ынталы жастарды, болашақ әлеуетті көшбасшыларды анықтау мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобының 35 жасқа дейінгі барлық жас мамандары үшін «Жеті қадам» модульдік бағдарламасы өткізілді.

news 18 08 23 aes 2

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрды. Іріктеудің бірінші кезеңі өткен жылы қараша айында Түркістан қаласында өткізілді. Жастар форумында 200 қатысушының 49-ы таңдалды. Оларды жеті командаға бөліп, әрқайсысына президенттік жастар кадрлық резервінің екі тәжірибелі тәлімгері бекітілді. Қазақстанның жеті қаласында 7 оқыту модулі өткізілді.

news 18 08 23 aes 3

Топ компанияларының мамандарынан құралған командалар жеті ай бойы жобаларды қорғауға дайындалды. Соңғы кезеңнің қазылар алқасына Директорлар кеңесінің мүшелері мен Қордың портфельдік компанияларының басшылары кірді.

Әр жұмыс төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келуі керек еді:

✔ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша тираждау, яғни масштабтау мүмкіндігі;

✔ Экономикалық жағынан орындылығы (жобаның есептеулері және оның қисынды негіздемесі);

✔ ESG қағидаттарын сақтау;

✔ Практикалық тұрғыда қолдану.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 77 компанияларының ішінен модульдік бағдарламаға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС атынан көтерме сауда нарығы департаментінің директоры Жүйріков Шыңғыс пен №2 аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшенің инженері Жұман Гүлманат қатысты. Жас мамандар іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық конкурсқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

Жұман Гүлманаттың командасы «Кәсіпорындарда көмірсутектің әсерін азайту» тақырыбында үздік жобаны ұсынып, I орынға ие болды.

Жүйріков Шыңғыстың командасы «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбы бойынша жобаны қорғап, III орынды иеленді.

Жеңімпаздар алдағы екі жылда өз жобаларын топ компанияларының бірінде жүзеге асыратын болады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы әріптестерімізді жеңіспен құттықтап, жеңімпаздар жобаларының сәтті жүзеге асуын тілейді.

news 18 08 23 aes 4

«Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының жеңімпаздары «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының жеңімпаздары
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар