АЭС құрылысы: Жобаны консорциум арқылы іске асыру тиімділігі пысықталып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде АЭС құрылысын іске асыру процесіне 10 жылдан астам уақыт керек. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізге АЭС құрылысы не үшін керек? Қазақстанда қазір электр энергиясы генерациясында жабдықтардың тозуы 70 пайыз шамасында. Осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып жатқаны белгілі. Әлем елдері мен Еуропа одағында, Орталық Азия өңірінде «жасыл энергетиканы» қолдау мақсатында көміртектің ауаға таралуын азайтуға екпін қойылып отыр. Атап айтқанда, елімізде АЭС салу барлық санаттағы тұтынушыларды, оның ішінде өнеркәсіптіктерді, халықты тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін оңтайлы шешім болмақ. Себебі бізге базалық энергия көзі керек. Ал базалық энергияны атом электр және жылу электр станцияларынан ғана алуға болады. Бұл нысандар энергияны үздіксіз әрі тұрақты қамтамсыз ете алады. Ал баламалы энергия көзінен, яғни жел әрі күн энергиясын беретін нысандарынан базалық ауқымда қамтамасыз ете алмаймыз. Оларда табиғи өзгерістерге байланысты энергия беру қуаты құбылып тұрады»,- деді А. Сиябеков.

Сонымен қатар ол атом электр станциясы экологиялық жағынан таза болатынын айтты. Еуропа одағы елдерінде АЭС-ті «жасыл энергияға» теңеген болатын. Мәселен, көмір жағатын жылу электр станциялары ауаға зиянды газдарды шығарады. Ал АЭС есебінен елімізде жылына 8 млн тоннаға дейін көміртекті зиянды заттарды азайтуға болады.

Асуан Сиябеков елімізде АЭС құрылысы бойынша нақты шешім жасалмағанын, сондай-ақ құрылысына 10 жылдан астам уақыт керек екенін айтты.

«Жалпы, бізде қуаты 1,2-1,4 мың МВт екі энергоблокты салу ұсынылып отыр. Егер вендорды (АЭС салатын технологияны қамтамасыз ететін компания) 2023 жылы таңдасақ, келер екі жылда (2024-2025 жылдары) жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуы мүмкін. Осының бәрі сараптамадан өтеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де 2 жылдай уақыт керек. Мәселен, 2029 жылы құрылыс жұмыстарын бастасақ, шамамен 2034 жылы бірінші блокты және 2035 жылы екіншісін іске қосу мүмкін болады», - деп түсіндірді маман.

Оның айтуынша, АЭС құрылысын қаржыландыруға түрлі тетіктерді пайдалануға болады. Біраз елдерде осындай нысандарды салу кезінде қаржаттың 20 пайызын мемлекет шығарса, қалған 80 пайызын вендордың өзі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ АЭС құрылысын толықтай вендордың есебінен қаржыландыру шартын да қарастыруға болады. Бұл ретте, біраз жылдан соң компания өзінің шығынын ақтағаннан кейін, реакторларды елімізге тапсырады.

«Қазір бірқатар қаржыландыру тетіктерін пысықтап жатырмыз. Алдын ала есептеулер бойынша екі реактордың құрылысына 10-12 млрд АҚШ доллары жұмсалады. Бұдан бөлек, қазір өзінің технологиясымен келе алатын 4 мемлекетті қарастырып жатырмыз. Олардың арасында Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция компаниялары зерттелді. Бұл елдерде заманауи реакторлар құрастырылып жатыр, технологиялары айтарлықтай жетілдірілген. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Дәл қазір нақты бір елдің компаниясы тиімді деп айту қиын, олардың барлығын егжей-тегжейлі зерттеп шығу маңызды. Мұнымен қоса, әр елдің технологиясын біріктіріп іске асыру теория жүзінде әбден мүмкін. Мәселен, бір елдің компаниясынан ядролық жабдықты, екінші мемлекеттен турбинаны, үшінші жақтан автоматиканы алып, АЭС салуға болады. Біздің мекеме осы механизмді де пысықтап жатыр. Атап айтқанда, нақты бір жалғыз компанияны таңдаудың немесе консорциум арқылы іске асырудың тиімділігін жан-жақты зерттеу маңызды», - деді инженер.

Бұған дейін хабарланғандай, атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/aes-kurylysy-zhobany-konsorcium-arkyly-iske-asyru-tiimdiligi-pysyktalyp-zhatyr_a4102212

АЭС құрылысы: Жобаны консорциум арқылы іске асыру тиімділігі пысықталып жатыр АЭС құрылысы: Жобаны консорциум арқылы іске асыру тиімділігі пысықталып жатыр
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар