АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты – министр Алмасадам Сәтқалиев                                                       

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетиканы одан әрі дамыту сценарийлерінің бірі атом станциясының құрылысы болды. «Самұрық-Қазынаға» тиесілі «Атом электр станциялары» АҚ компаниясы конкурс жариялады. Онда конкурсқа әлеуетті қатысушылардың алдын ала өтінімдері іріктелді. Олар Франция, Корея, Қытай, РФ компаниялары, сондай-ақ америкалық шағын және орта реактор өндірушілерінің өтінімдері қаралуда», - деді Алмасадам Сәтқалиев Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесу барысында журналистердің сұрақтарына орай.

Оның атап өтуінше, үкіметтік комиссия атом электр станциясын салу үшін бірнеше учаскені қарастырды. Атап айтқанда, ШҚО-дағы алаң (Курчатов), Алматы облысындағы алаң (Үлкен кенті), Қазақстанның батысындағы перспективалы алаң қарастырылды.

«Үлкен және Курчатов алаңдары ең перспективалы болды. Деректер жиынтығы бойынша сарапшылардың қорытындысына сүйене отырып, Балқаштағы Үлкен кентінің алаңы алдын ала мақұлданды. Енді осы алаңда қандай да бір талдауды бастау үшін рәсімдерге сәйкес, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық құжаттаманы әзірлеу мақсатында аймақтарда жергілікті жерлерде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Яғни, әзірше станция құрылысы туралы емес, дайындық барысы туралы сөз болып отыр», - деді министр.

Министр елдің әртүрлі аймақтарында қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін барлық ақпарат жиналып, содан кейін Үкімет шешім қабылдайтындығын айтады.

«Шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірі ескерілетін болады. Ол қандай формада болатындығын, қазір айта алмаймын. Қазір әртүрлі пікір бар екенін білеміз. Бірақ атом станциясы құрылысын қолдайтын адамдардың саны едәуір өсті. Өйткені олар қандай технологиялар қолданылатыны, станцияның қауіпсіздігі, елдің дамуы үшін де, аймақтың дамуы үшін де болатын мүмкіндіктер туралы ақпарат алды», - де Алмасадам Сәтқалиев.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/aes-kurylysyn-zhaktaushylar-sany-aytarlyktay-artty-ministr-almasadam-satkaliev_a4102259

АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты – министр Алмасадам Сәтқалиев                                                        АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты – министр Алмасадам Сәтқалиев                                                       
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар