АЭС құрылысында соңғы буынды технологияларға ерекше мән берген жөн – эколог

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қоршаған ортаны басқару және инжиниринг кафедрасының меңгерушісі, профессор Райхан Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, Қазақстанға атом электр станциясы керек. Бірақ соңғы буынды технологияларға ерекше мән берген жөн. Біріншіден, елімізде АЭС-ке қажет шикізат бар, уран қоры жеткілікті. Яғни, өзімізде өндіріліп жатқан отынды пайдалану керек. Елімізде көмір жағатын жылу электр станциялары ауаны ластап жатқанын білеміз. Осы зиянды заттар адам денсаулығына кері әсер етіп жатыр. Ал АЭС арқылы зиянды заттарды азайтуға болады», - деді Райхан Бейсенова.

Экологтың пайымынша, қоғамда атом электр станциясына қатысты тыңғылықты ақпарат беру маңызды. Яғни, оның еліміздегі электр энергиясы мен экология мәселесін шешудегі оңтайлы тұстарын түсіндірген жөн.

«Кей кездері бұл бағытта жалған, шындыққа жанаспайтын ақпарат көп тарап жатады. Сондықтан халыққа сала мамандарының жан-жақты зерделенген пікірі керек. Бұған дейін Чернобыльдегі, Фукусимадағы апаттардан кейін адамдарда үрей бар. Мәселен, Жапонияда табиғи апаттар АЭС-ке қауіп төндірді. Ал бізде соншалықты табиғи апаттардан қауіп жоқ десек болады. Ең бастысы, бізде адами факторларды болдырмауға назар аудару керек. Қазір заманауи АЭС реакторларында қауіпсіздік егжей-тегжейлі қамтамасыз етілгенін білеміз. Біраз мемлекетте осындай станциялар салынып жатыр. Сондықтан қоғамда осының бәрін түсіндіру қажет», - деді профессор.

Бұған дейін хабарланғандай, атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/aes-kurylysynda-songy-buyndy-tehnologiyalarga-erekshe-man-bergen-zhon-ekolog_a4102237

АЭС құрылысында соңғы буынды технологияларға ерекше мән берген жөн – эколог АЭС құрылысында соңғы буынды технологияларға ерекше мән берген жөн – эколог
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар