"Өз жерімізде салуға әбден қақымыз бар": Тоқаев атом станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет.

Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.

Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.

Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз", - дейді президент.

Дереккөз: https://kaz.nur.kz/politics/2034838-toqaev-oz-zerimizde-atom-stanciyasyn-saluga-abden-qaqymyz-bar/

"Өз жерімізде салуға әбден қақымыз бар": Тоқаев атом станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды "Өз жерімізде салуға әбден қақымыз бар": Тоқаев атом станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар