Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын импорттамауы, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс

Informburo.kz. ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, елімізде тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет, деп атап өтті президент.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі электр энергиясына қатысты жағдайды қай жағынан алып қарасақ та, мәз емес екенін айтты.

«Түптеп келгенде, Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, бұған мүлде жол беруге болмайды. Әрине, жаңартылатын энергетика жобаларын жүзеге асыру да жалғасады. Су электр станцияларын дамыту мәселесі назардан тыс қалмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Оның айтуынша, электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Оған экономиканың аса маңызды жеке саласы ретінде қараған абзал. Президент осы салаға қатысты қазіргі ұстаным негізінен өзектілігін жоғалтқанын, енді жаңа шешімдер керек екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажеттігіне назар аударды. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туатынын, қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады деп есептейді. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады.

Ақпарат көзі: https://informburo.kz/novosti/tokaev-kazaxstan-ne-dolzen-importirovat-elektroenergiyu-i-byt-zavisimym-ot-sosednix-stran

Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын импорттамауы, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын импорттамауы, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар