«Процедура енді ғана басталуда»: Энергетика министрлігінің басшысы АЭС құрылысы туралы

Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Парламент кулуарында Үлкен ауылы тұрғындарының АЭС құрылысы бойынша  шешімі туралы айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиев Үлкен ауылында өткен тыңдаулардың кейінгі шешімі түпкілікті болып табылатындығына және ауыл тұрғындары атом станциясын салу туралы шешім қабылдағанына байланысты «бұрмаланған ақпарат» тарап жатқанын мәлімдеді.

«Үлкен ауылының тұрғындарының пікірін біз құрметтейміз және ескереміз. Ауыл тұрғындары станцияның құрылысына жер таңдау барысында өз келісімдерін беріп отыр.

Біз әлі атом электр стансасын салу туралы айтып отырған жоқпыз. Халықаралық талаптарға, соның ішінде халықаралық агенттікке қатысты, қазақстандық заңнамаға қатысты рәсімдері бар. Рәсімдердің тұтас кешені әлі де қарастырылады, демек станция құрылысы туралы процедура енді ғана басталып жатыр», - деді ол.

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы ақпарат Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы Мәскеуге сапары кезінде тиісті ұсыныс жасағаннан кейін белсенді түрде талқылана бастады.

Кейін қазақстандық атом электр станциясын Алматы облысында салу жоспарланғаны белгілі болды. Дәлірек айтсақ, Үлкен ауылында салынбақ.

Қазақстанда атом электр станциясы салыну мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін бұл қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті. Бірақ Тоқаев бұл мәселе бойынша қорқу орынсыз екенін айтты.

2021 жылы билік таңдалған құрылыс алаңы «ұлттық электр желісінің топографиясы бойынша ең қолайлы учаске» екенін мәлімдеген.

2022 жылдың маусымында энергетика министрлігі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын құру үшін шетелдік компаниялардың технологиясы қарастырылған соң, төрт мердігердің тізімі жасалғаны хабарланған. Энергетика министрлігі «Росатомды» құрылыс технологиясы жағынан Қазақстандағы болашақ АЭС үлгісі деп атады.

Алайда 2023 жылдың қаңтарында премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, әзірге «Росатом» бойынша шешім қабылданған жоқ.

Сондай-ақ биыл ақпан айында Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі аймақтағы атом электр станциясының құрылысына қатысты халық тыңдауын жариялағанын, бірақ сайлауға байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлады. Тыңдау мәслихат құрылғаннан кейін қайта өткізіледі деп уәде берген еді әкімдік.

Кейін Қазақстанның жаңа Энергетика министрі және «Самұрық-Қазына» қорының экс-басшысы Алмасадам Сәтқалиев егер қазақстандықтар АЭС салу идеясын қолдамаса, оны салмайтынын мәлімдеген болатын.

Осыған қарамастан, маусым айының ортасында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтты.

Шілде айының басында Энергетика министрлігінің басшысы еліміздің батысында МАЭК ЖЭС-те болған осындай апаттар Қазақстан билігі болашақта салғысы келетін атом электр станциясында да болады деген алаңдаушылықтың бар-жоғы туралы айтты.

Ал тамыз айының ортасында Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС салу туралы шешім өңірлердегі тыңдаулардың қорытындысы бойынша қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Дереккөз: https://www.nur.kz/politics/kazakhstan-economy/2034830-protsedury-tolko-nachinayutsya-glava-minenergo-o-stroitelstve-aes/

«Процедура енді ғана басталуда»: Энергетика министрлігінің басшысы АЭС құрылысы туралы «Процедура енді ғана басталуда»: Энергетика министрлігінің басшысы АЭС құрылысы туралы
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар