БЕТБҰРЫСТЫ 2023 ЖЫЛ НЕМЕСЕ КЛИЕНТТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БЕС ҚАДАМ

2023 жыл Қазақстанның электр энергетикасы үшін процестерді орталықтандырудың маңызды кезеңі және энергия тасымалдаушыларды жаңғырту бағдарламасының жалғасы ретінде есте қалады. Мәселен, 1 шілдеден бастап Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және теңгерімдеуші нарық механизміне негізделген электр энергиясы нарығы жұмысының жаңа моделі енгізілді. Генерацияның құнына енді жабдықты ағымдағы жөндеу шығындарын ғана емес, сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша жаңарту мен жаңғыртуға арналған шығындарды да қосуға болады. Біз «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Еділ Копенов мырзамен жыл қорытындысын шығару мақсатында талқылау жүргіздік.

Түпкі тұтынушылар алдында саланың бенефициары болып табылатын энергиямен жабдықтаушы компания үшін координаттар жүйесінде не өзгерді және қандай жоспарлау көкжиектері пайда болды?

Электр энергиясын сатып алу процесі өзгерді. Енді біз электр энергиясын өндірушілермен тікелей түрде өзара әрекеттесуді жүргізбейміз. Нақты ғылым тілінде айтатын болсақ, міндеттің шарттары өзгерді. Координаттар жүйесінің өзі емес, атап айтқанда сатып алу моделі мен қаржылық режим өзгерді. Реформаға дейін біздің энергиямен жабдықтаушы компаниямыздың «Самұрық-Энерго» компаниялар тобына кіретін электр станцияларынан электр энергиясын сатып алу кезінде төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі болды. Біз «Алматы электр станциялары» АҚ, «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ компанияларынан электр энергиясын сатып алатынбыз. Енді біз мұндай несиелеуден айырылып, тұтынылған электр энергиясы үшін ақша қаражатын жинауды қарқынды түрде жүргізуге, тұтынушылардан қарыз сомаларын өндіріп алуға мәжбүрміз.

Сонымен қатар, тұтыну көлемін және жалпы алғанда сатып алу жүйесін жоспарлаудың болжамдары мен салдарларының есебін жүргізудің маңыздылығы артты. Бірыңғай сатып алушы сағат сайын өзгеріп отыратын орташа бағаны белгілейтіндіктен, біз үшін барынша дәл болжамды қамтамасыз ету өте маңызды болды: артық емес, бірақ мәлімделген және күтілетін бағамен тапшы емес нақты көлемдерді ескере отырып, алдағы тәулікке электр энергиясын сатып алу. Күнделікті тәуліктік тұтынуды бақылау, ауа райы болжамын зерттеп, қадағалау,  максимум және минимум сағаттарды талдау факторларын ескере отырып, сатып алуды жүргізу үшін біз аталған факторларға көп көңіл бөлеміз. Бұдан әрі электр энергиясының жоспарланған көлемі тұтынушыға жеткізілуі үшін жүйелік оператормен және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен өзара әрекеттесу процестері жүргізіледі.

Энергиямен жабдықтаушы компаниялар жұмысының бұл бөлігі туралы бәрі бірдей біле бермейді және оған аз көңіл бөлінеді. Біз компанияңыздың өткізу құрамдас бөлігіне жүгіну арқылы барлығын құрастыруға, біріктіруге дағдыланғанбыз.

Келісемін, бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр (күледі).

Бізде тұтынылған электр энергиясына ақша жинауға жауапты құрылымдық бөлімшелер бар. Бұл қала мен облыстың аудандық бөлімшелері. Тұтастай алғанда, елдің энергетикалық кешенінің қаржылық жағдайы біз қанша ақша жинай алатынымызға байланысты екенін түсініп отырған шығарсыз. Шынында да, қарбалас уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясын тұтыну 1100 МВт-тан асып, барлық қолжетімді ресурстар пайдаланылады.

Сондай-ақ, бізде бюджеттік жоспарлауға және акционерлер мен қадағалау органдарына ақпарат ұсынуға жауапты бөлімдер бар. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «АлматыЭнергоСбыт» қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектісі ретінде қарастырылады. Сондықтан, тарифтер енгізілмес бұрын қоғаммен өзара әрекеттесуді және тұтынушылардың жария тыңдауларға қатысуын қоса алғанда, мұқият талданады. Біз өз жұмысымызда толықтай ашықтық пен шынайылылыққа ұмтыламыз.

Электрмен жабдықтаудың қол жетімділігі біздің тұтынушылар үшін басты аспектілердің бірі болып табылады. Біз тұтынушыларға тиісті түрде қызмет көрсету мен тұтынылған электр энергиясына төлем жүргізудің оңай және ыңғайлы болуына үлкен мән береміз.

Бұрын Алматы облысындағы Нарынқол ауылының тұрғындары өздеріне жақын орналасқан бөлімшеге бару үшін 100 шақырым жол жүруге мәжбүр болған. Ағымдағы жылдың басында «АлматыЭнергоСбыт» Райымбек ауданының Нарынқол ауылында аудандық бөлімшені ашты. Тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан сұраныс өте жоғары болғандықтан, атқарушы билік филиалымызды орналастыру үшін төлемақысы тегін ғимаратты ұсынды. Бұл қадам клиенттерімізге жақын болудың бастамасы болды. Қазіргі уақытта бізде 18 бөлімше жұмыс істейді: 7 бөлімше Алматы қаласында және 11 бөлімше Алматы облысында. Біз жақын арада Қонаев қаласында орналасқан бөлімшені кеңейту мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатырмыз. Тұтынушылардың өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаланың облыс орталығы ретіндегі мәртебесін қайта қарау және абоненттер санының өсуі біздің осы жердегі бөлімшемізді кеңейту қажеттілігін көздейді.

Тәулік бойы біздің Байланыс орталығымыздың 15 операторы электрмен жабдықтау мәселелері туралы қоңырауларға жауап береді (тұтынушылардан тәулігіне орта есеппен 1,5 мыңнан 3 мыңға дейін өтініш келіп түседі). «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, заман талабына сай дамуға тырысамыз. www.esalmaty.kz және www.azhk.kz сайттарында интерактивті карта қолжетімді, Мұнда тұтынушылар геолокация бойынша электр энергиясының өшу себептері мен желіні қайта қалпына келтірудің ағымдағы жағдайын өз бетінше бақылай алады. Онлайн қызметтерді пайдаланып үйренген тұлғалар үшін сайттардың мұндай функционалы телефон арқылы қоңырау шалудың ыңғайлы баламасы болып табылады. Telegram мессенджерінде «Бот АлматыЭнергоСбыт» (https://t.me/AlmatyESBot) атты арна құру үшінші қадамымыз болып табылады. Пайдаланушылар өздерінің дербес шоты арқылы электрмен жабдықтаудың жағдайы мен қарызы туралы ақпаратты ала алады. Сондай-ақ, біз әлеуметтік желілерде бармыз және оларды тұтынушылармен өзара әрекеттесудің қосымша платформасы ретінде қарастырамыз.

Құрметті Еділ Құдайбергенұлы, сіздің энергетикалық кәсіпорындарды басқарудағы үлкен тәжірибеңіз бар екені сөзсіз. Сіз электр энергиясын өндіру және оны түпкі тұтынушыға сату процестерімен жақсы таныссыз. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Сіз саланың жағдайы, проблемалары мен даму үрдістері туралы жан-жақты түсінікке иесіз. Сіз үшін энергетика саласындағы қандай аспектілер әлі шешілмеген? Сіз бұл салада қандай мақсаттарға ұмтыласыз? Қазіргі таңда  «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы қай бағытта дамып келеді?

Кіріспе сөзіңіз үшін алғыс білдіремін.

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясындағы жұмыс тәжірибесі менің кәсіби өмірімдегі маңызды кезең болып табылады. Ол Қазақстанның энергиямен жабдықтау саласындағы ең ірі компания. Мұнда инновацияларды енгізу және оларды сынақтан өткізу үшін тамаша алаңға айналған бірегей тәжірибе жинақталды. Біз Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының платформасы арқылы заңнамада енгізілетін және жоспарланатын өзгерістер туралы пікірталастарға белсенді қатысамыз. Біздің компания бейінді мемлекеттік құрылымдардың талқылауына тұтынушылармен өзара әрекеттесуді жақсарту жөніндегі ойларын ұсынады.

Мен үшін адами капитал өте маңызды. Негізгі міндеттердің бірі – энергиямен жабдықтаудың «бірінші желісінде» жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін арттыру. Біз жедел жәрдем фельдшерлері сияқты тұтынушылардың барлық мәселелерін, сұраныстары мен шағымдарын бірінші болып қабылдаймыз. Біз қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті (медициналық сақтандыру, әлеуметтік қолдаудың әр түрлі нысандары) жақсартамыз, командалық тренингтер мен оқыту курстарын өткіземіз. Жастармен жұмыс істеу және энергетикадағы аға буын өкілдері  мен жас ұрпақ  арасында байланыс орнату – бұл менің болашақтағы стратегиямды анықтайтын басымдықтар.

Процестерді түсінудің көпқырлылығы маған «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының басты мақсаты – одан әрі цифрландыру жүргізу, электрмен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуді және төлем жүргізу әдістерін жеңілдету екенін көрсетеді.

Заңды тұлғалар электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемінде айтарлықтай үлесті, атап айтқанда 65%-ды құрайды. Біздің қазіргі міндетіміз – қызмет көрсетуді  жақсарту және олармен өзара әрекеттесуді жеңілдету. Онлайн қызметтері бар жеке кабинет ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және біз заңды тұлғалардың онлайн түрде қызмет көрсетуге ауысуының оң динамикасын атап өткіміз келеді. Алайда, біз бір орында тұрмаймыз. Биыл біз салыстыру мен орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға арналған функционалдылықты жетілдірдік. Бұл біздің клиенттерімізге бағытталған төртінші қадам. Енді Заңды тұлғаларға арналған жеке кабинетте клиенттеріміз біздің тарапымыздан жауапты күтпей-ақ, құжаттарға өз бетінше қол қоя алады.

Бесінші қадам «Қазақстан Халық банкі» АҚ мобильді қосымшалары арқылы онлайн төлем функциясын іске қосу болды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап біздің заңды клиенттеріміз тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді мобильді қосымшалар арқылы комиссиясыз жасай алады. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС клиенттік базасы шамамен 950 мың тұтынушыларды қамтиды, оның ішінде 23,5 мың жеке кәсіпкерлер (ЖК). Олардың көпшілігі мобильді қосымшалар арқылы электрмен жабдықтау ақысын төлеуге басымдық бергені белгілі болды. Олардың бұл қажеттілігі де қанағаттандырылды.

Сұхбатты жүргізген Алпысбаева Динара.

БЕТБҰРЫСТЫ 2023 ЖЫЛ НЕМЕСЕ КЛИЕНТТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БЕС ҚАДАМ БЕТБҰРЫСТЫ 2023 ЖЫЛ НЕМЕСЕ КЛИЕНТТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БЕС ҚАДАМ
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар