Құрметті тұтынушылар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» 2026 жылғы 05 маусымнан бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 36,33 теңгеге дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 42,14 теңге) көтерілгені туралы хабарлайды
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» 2026 жылғы 05 маусымнан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тарифтердің өзгергені туралы хабарлайды, бұл:
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 5,41-ден 6,47 теңге/кВтсағ. дейін, 20%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 12.11.2025 жылғы №96-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 3,02-ден 3,55 теңге/кВтсағ. дейін, 18%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД-нің 13.11.2025 жылғы №135-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ ұлттық электр желісін пайдалану қызметі тарифінің 2,860-тен 2,892 теңге/кВтсағ. дейін, 1%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 27.03.2025 жылғы №36-НҚ бұйрығымен бекітілген) және 2026 жылғы 1 мамырдан бастап 2,892-ден 3,216 теңге/кВтсағ. дейін, 11%-ға өсуіне (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 24.04.2026 жылғы №76-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өңірлік деңгейдегі электр желілері арқылы электр энергиясын беру қызметі тарифінің 13,65 теңге/кВтсағаттан 15,42 теңге/кВтсағатқа дейін, 13%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД-нің 20.03.2026 жылғы №51-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «ЖЭК жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметі бағасының 1 439 381-ден айына 1 560 850 теңге/МВт дейін, 8%-ға өсуі.
Тұтынушылар топтары бойынша:
1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,49 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 35,37 теңге);
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,87 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 46,25 теңге);
3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 40,15 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 46,57 теңге);
4-топ: арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары және оның ведомстволары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 36,33 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 42,14 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/үйде тұрақты тұратын, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 27,67 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,10 теңге);
2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 36,57 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 42,42 теңге);
3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 45,72 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 53,04 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылардың тарифтік жоспарын таңдауы әлі де тиісті өтініш беру арқылы өздігінен жүзеге асырылады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының тұтынушылары үшін тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысуларға электр энергиясын өткізу қызметтерінің тарифі – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 16,90 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 19,60 теңге), тұтынушылардың келесі санаттарына арналған:
1-топ: электр энергиясын өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар;
3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.
Telegram